Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Бұл әлемге келген соң
Тақырып: БҰЛ ӘЛЕМГЕ КЕЛГЕН СОҢ
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: сабырлылық, ақылдылық, ерік - жігерлілік
8 сынып

Мақсаты: оқушыларға «әлем», «өмір», адам ұғымдарын түсіндіру арқылы, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адамның рухани әлемі туралы түсінік беру;
Тәрбиелілігі: мәңгілікті уақытшыдан, шындықты жалғаннан ажырата білуге тәрбиелеу;
Дамытушылығы: терең толғануға, өздігінен ізденуге, адам игілігі үшін риясыз қызмет етуге баулу;
Ресурстар: дәптер, үнтаспа, құралдар, мәліметтер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушылармен амандасу. «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т» еске түсіру
Тыныштық сәті:
- Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмайық
Ескерту
Топпен атау (тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық)
Жәй баяу жағымды музыка қою)

Үй тапсырмасын тексеру
№1сабақ: «Қайтқанда» М. Әуезов
Талқылау сұрақтары
Аналары Абайды қалай қарсы алды?
Абай өзінің наным - сенімдерге көзқарасын қалай байқатты?
Абайдың аналарымен қарым - қатынасын жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады?
Абайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Өзінің анаңмен қандай жағымды оқиғалар болды? Айтып беріңдер?
№2сабақ: «Тағылым» Бақытжан Майтанов
Талқылау сұрақтары:
Жазушы М. Әуезов әке мен бала арасындағы қарым - қатынас туралы қандай дерек қалдырған?
Абайдың өмірге деген көзқарасының, мақсат - мұратының, мінез - құлқының қалыптасуына кімдер ықпал етті?
Дулат ақынның бата беруіне Абайдың қандай қасиеттері себеп болды?
Абайдың бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен?
Өмірде даналыққа жету үшін не істеу керек деп ойлайсың?
Дәйексөз Топпен 3 рет қайталау, дәптерге жазып алу
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...
Абай Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана
Оралхан Бөкей
Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?
Бірге оқимыз(Мұғалімнің сыйы)

№1 сабақ:
Бір орманның жанындағы өзеннің жиегінде ағаштар өсетін еді, олар күшті және биік өсуге және әдемі гүлдері мен қалың жапырақты болулары үшін бар күштерін жұмсайтын.
Әлбетте, олардың тамырды дамытуға күштері қалмады, олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінді…
Сол өздерінің биіктігімен және үлкен гүлдерімен тамсандырған ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы өсетін - ді.
Ол бар күшін тамырға жұмсады.
Барлығы оның үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, мазақ етіп күлетін.
«Лавр! Сен бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы. Бізді бәрі үлкен жапырақтарымыз, хош иісті гүлдеріміз, биіктігіміз үшін мақтайды».
Ал лавр болса былай жауап беретін:
«Мен одан да өз күшімді тамырыма жұмсаймын: өсемін және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін».
Бірақ бәрібір де басқалары оған күлуден жалықпады.
Бірде қатты жел соғып, сол ағаштар тамырлары әлсіз болғандықтан кұлап қалды. Ал лавр болса, тек бір - екі жапырағын ғана жоғалтқаны болмаса, аман қалды.
Сол кезде ғана, басқалары қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы, жүрегіміздегі, жан - дүниеміздегі күшіміз сақтап қалатынын түсінді. Интербелсенді тақтадан ашып қою.
№2 сабақ
Қолда бар ресурстардың саны емес, оларды қолдану мүмкіндігі әлдеқайда маңызды. Адам өмірінде ең маңызды 3 ресурс бар.

1. Ақша
Ақша маңыздылығы жағынан үшінші орынға ілігеді. Өйткені, ол – сарқылмайтын әрі қайта орнына келетін адам қажеттілігі. Арамызда ақшаның тапшылығын сезінетін адамдар бар. Айта бермесе де, бай болуды, көп ақша табуды армандайтындар саны жеткілікті. Бірақ, сізге ұсынғалы отырған 3 ресурстің ішінде ақшаға қол жеткізу оңай екенін ескергейсіз. Тек оған қол жеткізудің қарапайым ережесін есте ұстасаңыз болды: сыры – еңбек.

2. Күш
Екінші орынға күшті қойдық. Себебі, әлсіз адамның қолынан көп нәрсе келмейді. Сондықтан, тілек айтқанымызда басты орынға денсаулықты қоямыз. Дені сау адамның күші мен мүмкіндігі әлдеқайда басым болады. Күш – жетістік бастауы. Бастысы оны қалай қолдануды білсеңіз жеткілікті. Мысалы, сіз компьютер ойынын ойнап отырсыз. Қарсыласыңыздың қару - жарығы, өмір деңгейі мен күші сіздікімен бірдей. Бірақ, соңында біреу жеңіледі, ал енді бір жеңеді. Неге? Жеңген ойыншының артықшылығы ол өз ресурстарын орынды қолданып біледі. Өмірде де солай: күшіңізді тиімді жұмсаңыз. Пайдасыз нәрсеге күшіңіз бен жүйкеңізді құртпаңыз. Жастық шақта адам өзінің күшінің сарқылмайтынына сенеді. Дегенмен, 30 - 35 жасқа келгенінде шексіздік деп жүргені уақытша екенін ұғады. Өйткені, бұрынғыша таң атқанша қыдыру, кейін күні бойы жұмыс істеу қолынан келмейді. Ал, есейген сайын «күш» тек азая береді.

3. Уақыт
Ақшаға тынбай еңбек ету арқылы қол жеткізсеңіз, күшті уақытылы демалу арқылы қайта қалпына келтіруге болады. Ал, уақытты қайтару мүмкін емес. Сондықтан, уақыт – адам өміріндегі ең маңызды ресурс. Секундтар тілі алға жылжыған сайын уақытымыз азайып келе жатқанын да ұғу керек. Орта жасқа келгенде адамдар уақыттары текке кеткенін ұғып, бармақ тістеп қалып жатады. Кейбір нәрсеге үлгермейміз: не уақыт, не күш жетпейді.

4. Жаңа ақпарат
Ақынның отыз тоғызыншы сөзі осы бір кезеңді суреттейді: «Рас, бұрынғы ата - бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен... Ол екі мінезі қайсы десең, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш - қонды болса, дау - жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы - жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен... Екіншісі — намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен...»

Топпен ән айту
Өлеңі: Ринат Зайытов
Әні: Ұлықпан Жолдасов
Асып - тасып, төгілетін,
Алқынып ұшатын көңіл - ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір - ай,
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алдады таңдамай
Әлденеге асықтырған
Желігі басылмас жалған - ай.
Қайырмасы:
Өмір - өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды жеп барады.
Өмір - өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы
Қай жағада қалады?
Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, жаратқан.

6. Шығармашылық жұмыс
1 - тапсырма, 10 - бет
Ұлы ойшыл Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, адамның өмірдегі орны туралы пікірлеріңді ортаға салып айтыңдар
2 - тапсырма,
Ұлы ойшыл Абайдың табиғат туралы өлеңдерін оқып, ондағы адам табиғаттың үйлесімділігі туралы айтып беріңдер.
3 - тапсырма,
Адамдар арасындағы ізгі қарым - қатынас туралы эссе жазыңдар 4 - тапсырма, 13 - бет
М. Әуезовтің «адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен... көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген ойын басшылыққа алып, ой - толғау жазыңдар.
2 - тапсырма,
Мәтінді оқып, «өмір жолы үлкен қозғалыс» деген ойды талдаңдар.
3 - тапсырма, 14 - бет
Өлеңді оқып, өмірге байланысты түйінді сөздерді теріп жазыңдар. Мағынасын түсіндіріңдер.

7. Үйге тапсырма:
№1 сабақ: 11 - 13 бет оқу.
№2 сабақ: 16 - 18бет оқу

8. Сабаққа талдау.
Бүгінгі сабақты талдап көрейік әркім қоятын бағасын бір қолдың саусағымен, санақ бойынша бір мезгілде көрсету керек. Не ұнады? Қандай қиындықтар болды? Кімді бағалаған қиын, өзіңді ме — өзгені ме?

9. Соңғы тыныштық сәті
Сабақтан алған әсерімізді жүрегімізге сақтап, өмірде қолдана білейік. Жақсы әсерлермен бөлісейік. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Баяу музыка тыңдау.

Мектеп: №32 ЖОББМ
Мұғалім: Токенова Ж.С.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама