Спандияр Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының нысанасы
С. Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының нысанасы
C. Көбеев бүкіл саналы ғұмырын оқытушылыққа арнады. 1901 жылдан 1956 жылға дейін педагогтік қызметпен айналысты. Ұстазы Ы. Алтынсарин тəрізді педагогтік қызмет пен жазушылықты шебер ұштасыра білді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» үлгісімен жарық көрген «Үлгілі тəржіма» мен «Үлгілі бала» жинақтарындағы мысал өлеңдері мен əңгімелерінің қай - қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз. ««Үлгілі тəржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 44 аударма түгелдей Крыловтан аударылған деген көзқарас басым болып келеді. Бұл көзқарастың қателігі, осы кітапқа кірген аудармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, толық қайта қарау үстінде анықталды. Біздің байқауымызша, «Үлгілі тəржімаға» Крыловтан аударған 37 мысал кіргізген. Қалған 7 мысал сол кездегі оқу құралдарында көбірек пайдаланылып жүрген көп авторға ортақ мысалдар (олар Ушинский, Л. Толстой жəне Ыбырай Алтынсариннің хрестоматияларында ұшырасады) [1].
С. Көбеев мысалдары өлеңмен де, қарасөзбен де жазылған. Олардың арасында идеялық, тақырыптық, тіпті сюжеттік тұрғыда бір - біріне ұқсас келетіндері де бар. Мəселен, ақынның өлең түріндегі «Арыстан мен тышқан» жəне қарасөзбен жазылған «Құмырсқа мен көгершін» мысалдарының сюжеттері ұқсас. Екеуінде де хайуанның мүшкіл халге түсуі бар жəне оған ойламаған жерден берілетін көмек бар. Ол көмек — бір кездегі жақсылықтың өтеуі.
«Арыстан мен тышқан» мысалында əлеуметтік астар айқын. Мұнда əлдінің əлсізді өзіне тең көрмеушілігі айтылады. Автор «нашарды күшті кісі көңіліне алмас, теңгеріп өз бойына асыл жүрмес» дейді. Арыстан «кезі келгенде көмек берем» деген тышқанды келеке қылады. Күндердің күнінде аңшы торына ілігіп, халі мүшкіл болады. Тісімен торды қиып, арыстанды босатқан тышқан былай дейді:
Бір ісім түсті менің мына сізге,
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.
Осыдан не жақсылық дегендей қылып,
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.
Мінекей, сізге ғибрат болсын бұл да,
Жаратты жанға не қып бізді құдай.
Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз
Жақсылық болатынын тышқаннан да [2; 265].
Тышқан өзін құдайдың тектен текке жаратпағанын ескертеді. Бұл жерде Алтынсарин ықпалы айқын сезіледі. Өйткені өлеңмен жазылған мысалдарының көпшілігінде ақын құдайды ауызға жиі алады. Тышқанды қоя бергеннен кейін автор «Бұл дүние бірде олай, бірде бұлай, жаратқан ризық беріп жанды құдай» дейді.
«Құмырсқа мен көгершін» мысалында болғанды баяндау ғана бар. Суда ағып бара жатқан құмырсқаны көгершін құтқарса, кейіннен сол құмырсқа көгершінді аңшының ауынан құтқарады. Мысал сюжеті жасы кіші балаға түсінікті. Жазушы қорытынды жасауды баланың өзіне қалдырады. Табиғаттағы тірлік суреттеледі. Түйіні: «тіршілік көзі — өзара көмек».
«Ат пен есек» мысалында жүгі ауыр есекке ат жəрдем етпейді. Иесі жолда зорығып өлген есектің барлық жүгін оның терісімен қоса аттың үстіне артады. Ат өз қателігін кеш түсінеді. Сөйтіп, автор қайырымсыздықтың соңы неге апаратынын көрсетеді.
Абай «Отыз сегізінші сөзінде» күллі адам балсын қор қылатын үш нəрсенің бастапқысын надандық, екіншісін еріншектік, үшіншісін залымдық дегенді айтқан болатын. С. Көбеевтің «Маймыл мен көзілдірік» мысалында көздің емі көзілдірік дегенге бес - алтауын бір - ақ сатып алған маймыл оларын қалай жаратарын білмей басы қатады. Соңында тасқа атып күлпаршасын шығарады.
Наданға айтқан сөзің текке кетер,
Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер.
Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз,
Ықылас көңіліңіз болар бекер [2; 246].
«Надандық — білім - ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нəрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады» [3]. Мысалдағы маймыл білімінің жоқтығынан күлкі болады.
Надандық мəселесін «Есек пен сандуғаш» мысалында жалғастырады. Бұл жолы ақын надандықтың жазылмас дертке тең екендігін ұғындырады, надан адамнан сақтандырады:
Наданға еткен қызмет кетер текке,
Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе [2; 248].
Сандуғашқа əн айтуды əтештен үйрен деп ақыл айтқан есекті ақын «Білімді жетіп мақтауы сол, надан күшік» деп жазғырады. Білімсіз жан объективті баға беруге дəрменсіз.
С. Көбеевтің мақалмен түйінделетін аударма мысалының бірі — «Асыл шөп».
Жігіттер, сабыр етсең, əрбір іске
Болса да жақсы - жаман ерте - кеште,
«Сары алтын — сабыр түбі» деген бір сөз,
Бұрынғыдан қалған мақал рас емес пе?
Жалпы С. Көбеев өлеңдерінде түйін, яғни автор қорытындысы, үнемі ұсынылып отырады.
Қадиша Зылиқадан емес мықты,
Сабырлы төзуменен не боп шықты,
Сондай - ақ аш - арыққа төзім керек,
Сөзімді надан босқа жіберіп, жақсы ұқты [2; 249].
Алтынсарин əңгімесіндегі Зылиха мен Бəтима төбелеріне бір - бір жəшік көтерген қыз балалар болса, өлеңдегі Зылиха мен Бəтима екі қап арқалаған бірі — жас, екіншісі — мосқалдау тартқан əйел. Екі шығармада да «сабыр» атты шөптің екіншісінің қолына түспейтіндігіне қауіп айтылады.
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан ала ауыз [2; 55],—
деп Абай бес түрлі қадірсіз қасиетті айтқан болса, сабырсыздық, шыдамсыздықтың қауіпті екендігін С. Көбеев растай түскен. Ал көрсеқызарлық Спандиярда өз шамасын білмеушілік, өз күшін артық бағалаушылық, өзін артық бағалау, өзіне ешкімді теңгермеушілік тұрғысында көрінеді. «Қарға» мысалы бұған дəлел. Ақын өлеңдерінің көпшілігінде адам бойындағы бірнеше кесірлікке тұспал жасалады, солардан арылту мақсатында уағыз айтылады. «Қарға» мысалында бірде
Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше,
Істеген ісін істеп шамаң келсе,—
дейді де, «Көңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма» деп жалғастырады. Ары қарай
Жауыздық залымынан өнеге алма,
Қалып боп, жуса кетпес өле - өлгенше,—
дегенді тағы қосады. Кіріспе сөз сюжетке жасалатын түйін ретінде ұсынылады. Өйткені содан кейін барып мысал оқиғасы баяндалады. Қарға қозыны əкеткен бүркітті көреді де, қошқарға ұмтылады.
«Құс жаманы қарға түгіл, қасқырдағы, шамасы кеп əкете алмас ондай малды» деп автор қой жүнінен аяғын шығара алмаған қарғаны бір мұқатып өтеді. Оның масқарасын шығарған тағы бір жағдайды баяндайды:
Қойшылар қанат - құйрығын бірдей жұлып,
Беріпті ойнаңдар деп балаларға [2; 267].
Өтірік залалын түсіндіру С. Көбеев үшін басты мəселе болып табылады. «Өтірікші» мысалы төмендегіше басталады:
Пайдасы өтіріктің екі дүнияда
Болмайды деп бірнеше рет айтты молдам.
Мен - дағы көргенімді тəржіме еттім,
Үлгі алар ғибратынан құрбыларға [2; 267].
Осы кіріспе сөзден кейін барып оқиға баяндалады. Қойшы бала «қойға қасқыр тиді» деп ауыл адамдарын дүрліктіреді. Қолдарына айыр, кетпен, балта ұстап бəрі қойға жүгіріседі. Бұл жерде тағы да мазақ қылушы, келеке етуші бейнесі бар.
Шек - сілесі қатып Исін күліп жатыр,
Мəз болып жарым шіркін алдағанға.
Əрине, қылжақбастың жазасы дайын:
Алладан тағдыр уақыт жеткеннен соң
Қойға кеп екі қасқыр тиді шынымен [2; 267].
Осы жолы Исіннің сөзіне ешкім сенбейді. Көмекке келген жан болмаған соң қойының көбін қасқыр қырып кетеді. Автор қойшы балаға аяушылық танытпайды. Қайта «Жылады кешке дейін иттей ұлып» деп жазғырады.
С. Көбеев көпшілік мысалдарын Кішіқұм ауылында мұғалім болып істеген кезінде аударған. Белгілі бір мысалдың аударылуына себеп болған жағдайлар да болған. Соның бірі — «Көлбақа мен Юпитер» мысалы. 1901 жылы ақын Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм дейтін жерге мұғалім болып барады. Он төрт шаршы метр шамасындай жер үйді мектеп етіп береді. Төбесіндегі жалғыз терезесінің көзі қарын, пеші жоқ, жер едені тегістелмеген, есігі орнатылмаған үй.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей осы үйге Ыбырай бай арық - тұрақ төлдерді енгізеді. Осы жағдайға байланысты Крыловтың «Көлбақа» мысалын аударады. Көлді тастап тауға шыққан бақа сусыз өлімші халге жетеді. Тау басын топан су басса екен деп тілейді. Юпитер көлбақаның ақылсыздығын сөгеді:
«Одан да таудан түсіп аяңдасаң, Батпаққа болды уақыт сенің жетер».
1912 жылы «Үлгілі бала» жинағы жарық көреді. Ш. Ахметов «Үлгілі баланың» бірінші, екінші кітаптары шыққандығын жəне бірінші кітапқа 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітапқа 32 тақырыпқа жазылған өлең, əңгімелерінің енгізілгенін жазады [4; 121]. Жазушы «Орындалған арман» мемуарлық шығармасында ««Үлгілі бала» хрестоматиясына Крыловтың өзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа əңгімелерін өзімшілеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым, сол сияқты қазақтың бай ауыз əдебиетін сұрыптап пайдаландым. Сонымен қатар бұл кітапқа табиғат туралы, оның əр алуан құбылыстары туралы, география, өсімдік, жануарлар туралы малұматтар беретін, балалардың ұғымына сыйымды жəне қызықты қысқа - қысқа əңгімелер, мысалдар кіргіздім. Əрбір əңгіменің соңына сұрақтар қойдым», — дейді [2; 151]. Ақын хрестоматияның екінші бөлімі жөнінде ештеңе жазбаған.
Спандияр Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының нысанасы жүктеу