- 05 сәу. 2021 00:00
- 204
Биыл Ұлттық бірыңғай тест электронды форматта өтеді
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
«Білім және ғылым министрлігі білім саласын ары қарай жетілдіру бойынша бірқатар жұмысты атқаруда. Соның ішінде ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ететін цифрландыру процесіне көшкеніне біраз уақыт болды. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта өткізілуі жоспарланып отыр. Өздеріңізге белгілі 2004 жылдан бері ҰБТ қағаз форматта өткізіліп келеді. Бастапқы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу өзімен екі функцияны алып жүрді. Біріншіден, мектеп бітіруге байланысты қорытынды аттестау жұмыстары және мектеп біртіргендігі жөнінде аттестат алу үшін, сондай-ақ жоғары оқу орнынан түсуге мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу функциясын алып жүрген болатын», - деп тоқталды вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ҰБТ тек қана жоғары оқу орынына түсу үшін мемлекеттік грантты жеңіп алу конкурсына қатысу тетігі болып саналады.
«Бұл - әлемдік тәжірибе. Барша әлемде осындай әдіспен жоғары оқу орындарына тестілеу жүргізіліп келеді», - деді Ш. Каринова.