- 22 жел. 2023 00:00
- 263
Coca-Cola жайлы қызықты деректер
Әлемнің қай бұрышына саяхаттап барсаңыз да, қара сусынды, яғни Coca-Cola-ны кездестіру қиын емес. Сондай-ақ бүгінде кез келген отырысты, тойды Coca-Cola-сыз елестету мүмкін емес. Шыққанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де әлі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, танымалдылығы артып сұранысы көбеюде. Көпшілігіміздің өмірімізге етене араласып кеткен осы бір сусын жайлы деректер ұсынамыз.
1. Әлем бойынша тәулігіне 2 миллиардқа жуық Coca-Cola сатылады.
2. Солтүстік корея және Кубада Coca-Cola-ға ресми тыйым салынған.
3. 1886 жылы Джон Пембертон атты фармацевт Coca-Cola-ны олйлап табады, алғашында бұл сусын емдік мақсатта пайдаланылатын.
4. Екі жылдан кейін Аса Грисс Сендлер атты кәсіпкер Пембертоннан Coca-Cola компаниясын 550 долларға сатып алады.
5. 1929 жылға дейін бұл сусынға кокаин өндірілетін кока жапырағы қосылып келді.
6. «Coca-Cola» сөзі танымалдылығы жағынан «Ок» сөзінен кейін екінші орында.
7. Coca-Cola-ның әдеттегі 0,33 л құтысында 10 шәй қасық қант болады.
8. Бұл компания «Coca-Cola», «Fanta», «Sprite» атты брендтерімен ғана шектелмейді, мұнда 4000ға жуық өндіріс бар.
9. Coca-Cola логотипі алғашқы көрінісінен бері өзгертілмеген және оны дизайнер емес бухгалтер ойлап тапқан.
10. Картерсвилл қаласында 1904 жылы Coca-Cola-ның ең алғашқы жарнама билборды ілінді. Ол онда әлі күнге дейін тұр.
11. Coca-Cola-ның қаңылтыр банкадағы нұсқасы сатылымға 1960 жылдан бастап шыға бастады, бұл түрі осыған дейін тек солдаттарға ғана жеткізілетін.
12. 1977 жылы пластикалық құтыда екі литрлік Coca-Cola сатылымға шыға бастады.
13. Әлем бойынша секунд сайын бір жарым мың литр Coca-Cola ішіледі.
Оқуға кеңес береміз:
Газды сусындар