Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 33 минут бұрын)
Керек кеңес

Жүйкені тоздыратын және желіктіретін жеті нәрсе: 

1. Еңбексіз жеген нан 
2. Некесіз болған жан 
3. Боямалы тән 
4. Нашадан бұзылған қан 
5. Көк шылымның түтіні 
6. Арақтың жұтымы 
7. Ақшалы ойынның тұтымы.  
Мұндайларға мән бермес, Асыл адам тұқымы

Жан дүниеңді жақсартар жеті нәрсе: 

1. Әкімдердің шапағаты 
2. Ғұламалар шариғаты 
3. Байлардың салауаты 
4. Кедейлердің қанағаты 
5. Үлкендердің ұлағаты 
6. Жастардың инабаты 
7. Азаматтың ар-ұяты 
Осыларды азық етер, Асыл жандар ұлағаты

Тек кетпейтін үш дұға: 

1. Ата-ананың қарғыс дұғасы 
2. Мүсәпірдің налыған дұғасы 
3. Аш адамның ашынған дұғасы
Халқы да оны жазғырар, Қасында болса куәсі

Үш нәрсеге арқаңды сүйеп үйрен: 

1. Өмірге арқа сүйемеген өледі 
2. Уақытқа арқа сүйемеген өтеді 
3. Жүрекке арқа сүйемеген өзгереді

Ер азаматты бақытқа жетелейтін үш нәрсе: 

1. Өзіңе ұнайтын, сен жоқта абыройыңды, малыңды қорғайтын әйел 
2. Жуас, мықты, төзімді көлік 
3. Кең әрі қажетті нәрселерге толы үй

Бақытсыз ететін осылардың керісі

Ұмытпа:

1. Жаратқан Раббыңды ұмытпа 
2. Ата-анаңды ұмытпа 
3. Тамақ біреудікі болғанымен қарын өзіңдікі екенін ұмытпа
4. Алған қарызыңды уақыты қайтаруды ұмытпа

Ұмыт:

1. Аллаһ разылығы үшін бергеніңді ұмыт 
2. Жасаған жақсылығыңды ұмыт

Сақтан:

1. Аманатқа қиянат жасаудан 
2. Тілге ие болып орынсыз сөйлеуден


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама