- 01 сәу. 2016 00:00
- 228
Д. Назарбаева: ІТ саласының мамандарына сұраныс артады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның болжамынша, Қазақстанның еңбек нарығында ІТ саласының мамандарына сұраныс артады. Бұл туралы бүгін вице-премьер Астана әкімдігінің кәсіби-техникалық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесуде мәлім етті.
«ІТ мамандарына деген қажеттілік елеулі деңгейде болады. Біз қазіргі кезде цифрлы Қазақстан бағдарласымен жұмыс істеудеміз, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрлігінің мәлеметінше, алдағы үш жылда 65 мың ІТ мамандарына қажеттілік туындайды. Яғни жыл сайын біздің колледждер мен институттарға шамамен 20 мың маман дайындау керек болады»,-деді Д. Назарбаева.
Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектептерде, колледждерде информатика және ақпараттық технологиялар пәндері ағылшын тілінде жүргізілетінін атап өтті.