Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Д.Назарбаева бес күндік оқу аптасын енгізуге қатысты түсініктеме берді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу аптасын енгізуге қатысты түсініктеме берді.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, бес күндік оқу аптасы биыл бірінші сынып оқушылары үшін енгізіледі. Себебі, бірінші сынып өрендері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ тарапынан жазылған оқулықтармен алғаш рет мектепке барады. Бұл мектептер көп жылдан бері білім нарығында қызмет етуде және өздерін жақсы жағынан танытты. Олар өте мықты түлектерді дайындап шығаруда»,-деді Д.Назарбаева бүгін Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында.

Осы ретте вице-премьер аталған оқулықтар біртіндеп Қазақстанның барша мектептеріне енгізілетіндігін атап өтті.

«Бірінші сынып оқушыларына арналған бұл оқулықтар функционалдық сауаттылықты дамытуды, интеграцияланған пәндерді қарастырады. Осының есебінен жалпы оқу жүктемесі азаяды. Бұл оқулықтардың арқасында оқушылар 1 қыркүйектен бастап аптасына бес күн оқитын болады»,-деді ол.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары 2017-2018 оқу жылында бес күндік оқу аптасы өзге сыныптарда енгізіле бастайтындығын жеткізді. Сол уақытқа дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қажетті оқулықтарды даярлайтын болады.

Автор: Руслан Ғаббасов


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама