Дала жұлдызы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дала жұлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады (презентациясымен)
Мақсаты: 1) Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Мәнерлеп, түсініп, жүргізіп оқу дағдыларын жетілдіру.
2) Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жерін, жұртын сүюге, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
3) Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Өткізу әдісі: Мәнерлеп оқу байқауы, дөңгелек үстел, сайыс
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин туралы бейнеролик, слайд, портреті, нақыл сөздері, кітаптары
Барысы
Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде қазақтың «Дала жұлдызы» атанып кеткен Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Дала жұлдызы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер! «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» деп жазды кезінде «Оренбурский листок» газеті.
Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!
Тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады:
І. «Ыбырайтану» бейнеролик тамашалау
ІІ. Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
ІІІ. «Зерек оқушы» мен «Суретші» байқауы (Үй тапсырмасы: Ыбырайдың шығармаларына сурет салу)
І. «Ы. Алтынсарин 175 жыл» бейнеролик тамашалау
3 - слайд Ол 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Торғай аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының – белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді. Туып - өскен жері — Қостанай облысының Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
4 - слайд Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
5 - слайд Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В. В Григорьевпен жақын танысып алды.
6 - слайд Өзінің мінез - құлқы жағынан Қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.
7 - слайд 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық - педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.
8 - слайд слайд 1879 - 1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
9 - 10 - слайд Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет - салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.
11 - слайд Ыбырай балаларды мазмұнды олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты құрастырғанда мен» – деп жазды. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды.
1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
12 - слайд Орынборда 1879 жылы Алтынсариннің тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме - новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.
«Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме - новеллалардан құрастырылды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді
13 - слайд Жоғарыда біз Ыбырайды аудармашы дедік. Ендеше ол кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған? Ол Ушинский, Л. Толстой, И. Крылов, И. Паульсонның шығармаларын қазақ тіліне аударған.
14 - слайд Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.
15 - 16 слайд Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір - түкпірінде кездеседі.
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Құмсай БМ бастауыш класс мұғалімі
Аймухамбетова Ляззат Сандибековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.