Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Данышпанның ақылы

Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Ол қанша тырбанса да, жарлылықтан құтыла алмаған көрінеді. Әбден зығырданы қайнаған кедей бір данышпаннан ақыл сұрай барыпты.

— Уа, тақсыр, сізге бір өтінішім бар еді. Жоқшылықтан әбден қажыдым, не әрекет етсем де бірім екі болмайды. Бұл қалай не кеңес бересіз?

Данышпан оған үйленуге кеңес беріпті.

— Мұныңыз қалай, тақсыр, ішерге ас, киерге киім таба алмай жүргенде, үйлену менің немді алған? — деп безек қағады кедей.

Данышпан оны егіндікке ертіп барып, пісіп тұрған бидайды оң қолымен ғана (сол қолын тигізбей) оруға бұйырады да:

— Орғаныңды бір жерге жия бер, — деп кетіп қалады. Сәлден соң қайтып келген Данышпан:

— Өндіре алмаспың ғой, бұл қалай? — дейді кедейге.

— Сыңар қолмен қиын екен тақсыр.

— Ендеше, қос қолдап өріп көрші.

Қос қолдап орған кедей жұмысты өндіріп тастайды.

— Есіңде болсын, жігітім, — дейді данышпан, — оң қол — ер, сол қол — әйел. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды». Әйелің өзіңе сүйеніш, ақылшы, жәрдемші болса, кедейшіліктен де құтыласың, — деп әлгі жігітке өз ақылын айтыпты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама