Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дара және күрделі сын есім
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Сын есімнің дара және күрделі түрлерімен оқушыларды таныстыра отырып, жалпы түсініктеме беру.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, сауттылыққа, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау - жинақтау, пікір – талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан - жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Дара және сын есім
Сын есім екіге бөлінеді
Дара сын есім бір сөзден жасалады: Мысалы Сары, биік, аласа
Күрделі сын есім екі немесе оданда көп сөздерден жасалады. Мсыалы: Сары ала қара торы
1 – жаттығу. Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстырамыз.
2 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен сын есімдерді табу және салыстыру.
3 – жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңді көшіріп жаз
Сергіту сәті: ойын «Сөз қуаласпақ».
4 – жаттығу. Берілген сын есімдерді дара сын есімді бір бөлек күрделі сын есімдерді бір бөлек жазымыз
6 - жаттығу. Шығармашылық жұмыс пентаграмманыв толтыру
Бос торкөздерге берілген сөзге әріп санын бірдей қарсы мәнде сөздерге тауып жазу. Бұл қай сөз табы?
Бекіту, оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: 5 - жаттығу 40 бет.
VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама