Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дара және күрделі сын есім
Қазақ тілі
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Сабақтың мақсаты:
1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен ажырата білуге үйрету;
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу. Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

Көрнекілік: Сурет, кесте
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Психологиялық дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу).
3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.
(Терең - таяз, ыстық - суық, адал - арам, жұмсақ - қатты, жуан - жіңішке)
А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.
4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы).

ІІ. Жаңа тақырып:
1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2) Дәптерге ай, күнді жазу.
3) Көркем жазу:
долана парта Сапар
Әдепті бала ата - анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
- Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.
- Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.
4) Сөздік жұмыс. Көк ала, сары ала.
- Жазылуын, мағынасын түсіндіру. Сөйлем құрастыру.
Мен көк ала дәптер сатып алдым.
- Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
5) Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 1) 135 - бет (оқу, талдау)
2) жаттығу (тақтада, жазбаша )
- Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.
- Дара сын есімдер неше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?
- Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?
3) Жұмбақ шешу.
4) - жаттығу. (Ауызша оқу). Терме жұмысы.
Дара Күрделі
Ұзын Қызғылт сары
Қысқа Қара сұр
Қызыл
Ақ
- 1 - бағанға қандай сын есімдерді жаздық? Неге?
- 2 - бағанға ше?
ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту).
V. Бекіту. 18 - жаттығу. Өздік жұмысы.
- Сын есімдерді табу. Дара немесе күрделі екенін айту.
2) Шығармашылық жұмыс.

Қостанай қаласы, №18 мектеп - гимназиясы
Мұғалім: Жуматова А. Х.

Дара және күрделі сын есім. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама