Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 17 мам. 2026 21:30
- 19
Дариға Назарбаеваның байлығы азайды: Forbes рейтингіндегі орны белгілі болды
Forbes журналы 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар тізімін жариялады. Тұңғыш Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева бұл тізімде 20-орынға тұрақтады. Оның байлығы 550 миллион долларға бағаланған.
Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда азайған. 2025 жылы Дариға Назарбаева 571 миллион доллар капиталымен 17-сатыда болған еді. Forbes басылымы байлықтың азаю себебін нақтыламаған.
Дариға Назарбаева ұлы Нұралы Әлиевпен бірге "Европа плюс Қазақстан" радиостанциясы мен НТК телеарнасына иелік етеді. Сондай-ақ, "DLS Group" холдингі арқылы "Регион-Медиа", "Наружная Реклама-Регионы" және "Телефабрика “Дала" компанияларында үлесі бар.
Ал оның сіңлісі Динара Құлыбаева биылғы рейтингте үшінші орынға көтеріліп, байлығы 5,4 миллиард долларға жетті. Өткен жылы ол 5,3 миллиард доллармен төртінші орында болған.
Динара Құлыбаева жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге "Алмэкс" холдингі арқылы Halyk Bank акцияларының 61,99 пайызына иелік етеді.