Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Дәулет Тұрлыханов (грек-рим күресі)

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның жеті дүркін, 1987 жылғы Еуропа, 1987 жылғы және 1989 жылғы Әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.

Дәулет Тұрлыхановтың грек-рим күресінде зор табыстарға жетуіне әрі бапкері, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болды. Үш олимпиадаға қатысты. Сеулдегі Олимпиада – Дәулет үшін біріншісі. Ол онда күміс жүлдегер атанды. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына және сол Олимпиаданың жүлдегері болған шәкірті Юрий Мельниченкоға демеу бере білді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама