Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Денсаулық құпиялары
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Cыныбы: 1 Пәні: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы
ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту.
- денсаулықтарын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.
- денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әрбір аялдамаға байланысты суреттер, жүрекшелер, үнтаспа т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, «Галереяны шарлау»әдісі, Топтастыру;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайд, суреттер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Ой қозғау. І Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрғызылады.
Табиғатты білемін
Ауа, су, күн, жер, аспан
Жан-жануар, гүл, егін
Көкжиекке ұласқан.

Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз,
Армысың табиғат-анамыз,
Келді сізге өзіңіз балаңыз.
Біз бүгін денсаулықты сақтау құпияларымен танысамыз. Балалар біздің алғашқы аялдамамыз – «Таза ауа» деп аталады. Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа-денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады сондықтан да, табиғатты сүю жанға саулық береді.
Басты байлық денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Ол үшін көп қозғалып,
Таза ауа жұт көбірек.

ІІ Мағынаны тану
Тыныштық сәті:
(Сылдырлаған судың дыбысы шығып тұрады)
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Міне, сылдырай ағып жатқан таза су әуенімен су кереметіне малынайық. Бәріміз де су айдынында қалықтап жүзіп бара жатқандаймыз. Суға малтып, қуанышымыз қойынымызға сыймай барады. Тап-таза салқын су шаршағанымызды басып, денемізді сергіте түскендей, бойымызға ерекше күй, күш-қуат бергендей. Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінгендейміз. Осы жақсы ойымызбен бұрынғы қалпымызға келейік.
Балалар, біз тоқтаған осы аялдама «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Су – бізге тазалық жанымызға тыныс, сұлулық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді. Сондықтан денсаулықтың тағы бір құпиясы - табиғи су.
Кәне, балалар су туралы өлең-тақпақтарды кім біледі?
Су табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні,
Суға түсіп алғайсың.

Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.
Тұнық таза ауамыз,
Сылдыраған судаймыз.

Сергіту сәті:
- Балалар, біздің келесі аялдамамыз «Спорт-біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы-спорт. Спорт арқылы денемізді шынықтырамыз, сергітеміз, тәнімізге сымбаттылық, жаныңа күш-қуат береді, аурудың алдын алады. Спорт жайында кім қандай тақпақ біледі?
Оқушылар білетін өлең-тақпақтарын айтады.
Оқушылар екі топқа бөлініп, дене жаттығуларын орындайды. ( Үнтаспадан көңілді әуен ойналады)

ІІІ Ой толғаныс
Шығармашылық жұмыс
- Келесі аялдамамыз «Жан сұлулығы» деп аталады. Өйткені, жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы жан сұлулығы жайында кім не айтады?
Жақсылық айтып басқаға,
Ортаға ойды салғайсың.
Тек мақтанба, жасқанба,
Сұлу жанды болғайсың.
- Ендеше, балалар өздерінің табиғаттағы, тіршіліктегі неге теңейсіңдер, ұқсатасыңдар. Сол суреттерді салып, не сурет салғандарынды жариялап айтасыңдар.(Оқушылар сурет салған кезде жай әуен ойналып тұрады)
«Галереяны шарлау» әдісі
Оқушылар салған суреттерін ортаға шығарып не салғанын айтып, тақтаға іліп көрме жасайды. Бір-бірінің суреттерін тамашалап баға береді.
Бір-бірін бес шапалақпен мадақтайды.
Дәйексөз: «Жаны саудың – тәні сау» халық даналығын дәптерге жаздыру.
Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің амандығы үшін ғана емес, жанының сау болу үшін де әрекеттер жасауы керек. Ол үшін өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек.
Денсаулық құпиялары туралы жазайық.
«Топтастыру»әдісі

Оқушылар денсаулық құпияларын топтастырып жазады.
Жүректен-жүрекке
- Балалар, біздің соңғы аялдамамыз - «Жақсылық кені» аялдамасы деп аталады жақсылық – жақсы істерден, жақсы әрекеттерден, жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз де – денсаулықтың құпиясы. Жаныңның жақсы болғаны, саулығыңның жақсы болғаны. Бұл аялдамаға тоқтау арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік. Ендеше, бәріміз ортаға шығып, бір-бірімізге, айналамызға жақсы тілек айтайық.
- Денің сау болсың;
- Спорт сенің досың болсың;
- Күндей шуақты бол;
- Жаның сұлу болсын;
- Таза су саған күш-қуат берсін!
- Күнің ашық болсын!
- Жеріміз кең болсын!
- Ауамыз таза болсын!
- Суымыз таза болсын!
- Гүлдей жайнайық!
- Спортпен шұғылданайық!
- Жайдары жүрейік!
- Аман болайық! т. б
Ән «Біз-өмірдің гүліміз»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Б. Ғизатов

Зеңгір көктен, Бал достыққа,
Нұрын төккен, Жолдастыққа,
Ортақ біздің күніміз, Шақырады әніміз,
Жайдары өскен, Тыныштықта,
Жайнап өскен, Нұр құштық та,
Біз-өмірдің гүліміз Бақыттымыз бәріміз!
Мадақтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама