Жақсы сөз жанға қуат береді
Сыныбы: 4 Пәні: Өзін - өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз жанға қуат береді
Мақсаты: Оқушылар «жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік беру
Міндеттері:
- Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері дамыту;
- ізгілікке, ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды қалыптастыру.
Сабақт ың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, Венн диаграммасы, Топтастыру;
Көрнекі құралдар: интерактивтті тақта, тақырыпқа байланысты слайд;
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру.
І Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін мен сендерді Өзін - өзі тану пәні арқылы көргеніме қуаныштымын. Сендер қандай көңіл - күйдесіңдер?
Бір - біріміздің қолымыздан ұстаған кезде нені сезініп тұрмыз? Жақсы көңіл - күйді сезініп тұрмыз ба?
Оқушылардың жауаптары.
Ендеше бәріміз бірге мына өлең шумақтарын айтып шығайық:
Ой - жүйрік, тіл - шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөзді тауып ұқыпты.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың мейірі.
Бір - біріне болып көз,
Кең болсын адам пейілі.
Ән: «Бала тілегі» сөзі: С. Молдасанұлы
әні: Ф. Жолдасова
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз - жанға қуат»деп аталады. Бүгін біз осы тақырыпта әңгімелесетін боламыз.
Ой қозғау.
Әңгімелесу.
- Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?
-«Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
ІІ Мағынаны тану.
Мәтінмен жұмыс. Мәтін абзацқа бөлініп оқытылады.
«Сыпайы қоян» Мексика ертегісі
- Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
- Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады?
Дәйексөз.
«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә. Науаи
- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.
Сергіту сәті
Ақша бұлттар аспанда, (Қолдарын жайқалтады)
Жерімді жайнап құлпыртсын.(Жерді көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге, (Күнді көрсетеді)
Көкте мәңгі күн тұрсын. (Күнді көрсетеді)
Жаңа ақпарат. Тізбектеп оқыту
«Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді»
Суретпен жұмыс.
1. Құрметті ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз;
2.- Апа, аман – есенсіз бе? Қал - жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді айығып кеттіңіз бе?
Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау;
3.- Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 - наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп - көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келеді.
Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру;
4.- Жарайсың, құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі - ақ елін қорғайтын азамат болады.
Күтілетін жауап: мақтау.
5 - Сымбат, сен қандай әдемі болып құлпырып кеткенсің! Жауап: мадақтау
Ойын - жаттығу
Топқа бөлінген оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі: Берілген тапсырмалар бойынша жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетуі тиіс.
1 - топ. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2 - топ. Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым - қатынастан үзінді.
3 - топ. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалогтан үзінді.
ІІІ Ой толғаныс
Дәптермен жұмыс.
1 - Венн диаграммасы
2 - тапсырма. Топтастыру.
Жақсы сөздерді топтастыру.
Қорытындылау
- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
Жүректен - жүрекке. (Оқушылар шеңберге тұрады,
қолдарына шарлар, жалаулар беріледі)
Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарсын көгерсін!
Кешегідей бүгінде,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат,
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!