Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Дін мен дәстүр

Жетекші: Әлтаева Н.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қазір елімізде әртүрлі жамағаттар бой көтере бастады. Кейбірі бірден ата- бабаларымыздың сан ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан салт-дәстүріне қарысы шығып, «Батадан кейін бет сипауға болмайды», «Келіннің сәлем салуы ширк»деген сияқты жаңалық ашуды әдетке айналдырды. Осы пікірлерге еріп, дәстүрлі құндылықтарды жатсынып бастағандары жасырын емес. Ал бұның ел ынтымағына қатер төндіріп, мұсылмандардың татулығына әсер етері белгілі. Себебі, көптеген жерлерде осындай біржақты түсініктердің нәтижесінде мұсылмандар ара- сында түрлі түсініспеушіліктер орын алып, арты дау- дамайға жеткізіп жатқан жағдайлар кездесуде.

Дін адамға екі дүние де дұрыс өмір сүрудің, Хақтың разылығына бастайтын ереже-қағидаларды қамтыған иләһи бұйрықтар мен тыйымдар жиынтығын құраса, дәстүр – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен салт-дәстүрін, менталитеті мен әдет-ғұрыптарын, тұрмыс- тіршілігінің ерекшеліктері мен өзіндік ойлау жүйесін, жан дүниесін, адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіреді. Бүгінгі күні дін жанашырларының алдында тұрған міндет – осы екеуінің біріккен тұсын таба біліп, халыққа діннің де, дәстүрдің де ортақ тіл табысатын игіліктерін ашып көрсету болып отыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама