Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
«Дінтану» – қажеттіліктен туындаған мамандық
Қазақстандағы білім беру саласында тәуелсіздіктен кейін қарқын алған үрдістердің бірі дінтану мамандарын даярлау болып табылады. Еліміздегі дінтану мамандары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде даярланады.

Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінде «Дін және еркін ойлау» мамандығының ашылуынан бастау алады. Қазір дінтану бакалаврларын еліміздегі Л. Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы, әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия ғылымдары және дінтану кафедрасы, Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Философия және мәдениет теориясы кафедрасы, «Нұр - Мүбарак» мысыр ислам мәдениеті университетінің Дінтану кафедрасы, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің Дінтану және теология кафедрасы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану факультеті даярлайды.

Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни жазба ескерткіштерін, діни ұйымдарды да жан жақты қарастырады. Қазіргі кездегі қоғамдағы ушыққан діни ахуалды жақсартуда, әртүрлі конфессия өкілдеріне толерантты қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруда дінтанулық білімді жетілдіру өте маңызды. Дінтану ғылымында адамның діни өмірі басты назарға ие болғандықтан, бұл ғылым саласы адамды тек рухани, моральдық құндылықтарға тәрбиелейді. Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады. Дінтану мамандығы күрделілігі жағынан жаратылыстану ғылымдарынан кем түспейтін гуманитарлы ғылымдардың ерекше түрі. Бұл еліміздегі ең жас мамандықтардың бірі. Дін мәселесі қай кезеңде де болмасын өзекті тақырыптардың бірі болып табылатындықтан, дінтану үнемі сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

Жанатов Архат
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Философия және саясаттану факультеті,
Дінтану мамандығының 4 курс студенті

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама