Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Əлеуметтік жұмыс мамандығы - заман талабы
Əлеуметтік жұмыс мамандығы - заман талабы

Жастардың адамгершілік - рухани құндылықтарын дамыту, оларды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді оятуға баулу, білім алу және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу біліктілігін арттыру - бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр. Қоғамның негізгі тірегі - азаттық рухы мен бабалар өнегесін бойына сіңірген, білімге деген талпынысы жоғары, алдына биік мақсаттар қоя білетін жалынды жастар. Ал жастардың негізгі бөлігін студенттер құрайтыны бәрімізге белгілі.

Студенттер қаласына айналған Алматы қаламызда Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетіндегі, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында, әлеуметтік жұмыс мамандығы - болашақ кәсіби маман болатын студенттің ой - өрісін, адамгершілігін, саналы сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыратын мамандықтардың бірі.

Бұл мамандық бойынша университет қабырғасында 20 жыл бойы білікті мамандар дайындайды. Кафедра ұжымында елімізге белгілі профессор ғалымдар Биекенов К. У., Абдирайымова Г. С., Жаназарова З. Ж., Садырова М. С., Абдикерова Г. О., Кылышбаева Б. Н., секілді т. б. өз маманының шеберлері қызмет атқарып, студент жастарға өз тәжірибелерімен бөліседі.

Әлеуметтік жұмыс – бұл мамандық әлемдік тәжірибеде престижді он мамандықтың қатарына кіреді. Жыл өткен сайын өзіне терең назар аудартады. Оның негізгі мақсаты – өмірдің қиын жағдайларына ұшыраған адамдарға көмек көрсету. Осы мамандықтарды игергеннен кейін Сіз біліміңізді төмендегідей іске асыра аласыз: - мемлекеттік қызметте (ҚР Президенті Әкімдігінде, Министрліктерде, Әкімдіктерде); - оқытушылық және әкімшілік қызметтер саласында; - әлеуметтік жобалар сарапшысы мен менеджері және әлеуметтік технолог ретінде; - ірі бизнес пен ғылымның жаңа салаларындағы зерттеушілер мен маркетологтар ретінде; - PR - кампанияларда, халықаралық жобалар мен кадрлық қызметтерде; - мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық қорлардың маманы ретінде; - халықаралық жобалар мен ұйымдарда; - халықты қорғау және әлеуметтік саясат Департаментінің эксперті мен кеңесшісі ретінде.

Жалпы, университетте білім беріп қана қоймай, жастардың рухани байлығын арттыру, ішкі мәдениетін көтеру, сияқты жұмыстарды ұйымдастыру оқу ордасының беделін бұранғыдан да биік белеске көтеретіні талас тудырмайды. Осы орайда, студенттерді тілдік, мәдени және ғылыми қызығушылықтарын біріктіретін қоғамдық пән Әлеуметтік жұмыс мамандығы болашақта интеллектуалды, креативті маман даярлауға өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Əл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Философия және саясаттану факультетінің,
Əлеуметтік жұмыс мамандығының 1 курс магистранты
Балмағанбет Бейбіт Жауынбайқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама