Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бұл университет Қазақстан Республикасында ең танымал болып есептеледі. Кез келген Қазакстан азаматынан универ жайлы сұранасыз, ол міндетті түрде жауап береді.
Бүгінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері.

Оқытушы - профессорлар құрамы – 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400 - ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800 - ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар.
Жыл сайын ҚазҰУ ең үздік мамандарды даярлайды. Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.

Оқушы үшін университетте барлығы бар. Мәселен Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркем өнер үйірмелері, хореорграфия топтары жұмыс істейді.
Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалынған (ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттердің спорттық клубы, түрлі секциялар, денсаулық топтары). Қызметкерлер мен студенттердің спартакиадасы ұдайы өткізіліп, олардың қалалық жарыстарға қатынасуы қамтамасыз етіледі. Біздің университет спорт командалары әрдайым жоғары орындарға ие болады.
ҚазҰУ студенттері басқа студенттерден ерекшеленеді. Олар ең білімді, ең тапқыр және нағыз патриоттар болып табылады. Бұл университетке түсу үшін емтиханнан жоғары балл алу қажет, ал бұл барлығынан қолынан келе бермейді. Барлық қалалық немесе дүниежүзі аралық іс - шараларда біздің студенттер беріліп қатысады.
Осы университетте тек қазақ азаматтары оқымайды, көптеген шет студенттері де білім алады, олардың айтуы бойынша ҚазҰУ - дан керемет университет жоқ.
Мен Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқуды мақтан тұтамын, себебі осы университет маған жоғары білім беріп, үздік маман болуыма үлкен үлес қосты.

студент 4 курса КазНУ Жумагалиев Ернур при поддержке руководителей практики Борбасова К. М., Мұқан. Н.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама