Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде
Дінтану – зайырлы мамандық ретінде
Елімізде дінаралық келісімділік пен сұхбатты үйлесімді дамыту үшін елімізде білімді де білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туындады. Міне осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 1999 жылы ҚазҰУ - дың Философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығының бакалавриаты ашылды. Осыдан 2 жыл өткеннен кейін 2001 жылы мамандықты магистратура бойынша оқыту басталған болатын. Мамандыққа анықтама берер болсам, Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни - мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Дінтанудың мамандық ретінде ашылуынан бері университет елімізге қажетті кадрларды дайындайтын негізгі орталықтардың біріне айналды. Айта кетер болсақ, 2017 - 2018 оқу жылына бакалаврға 90 гранттың 60%- і, магистратураға 8 гранттың 100%- і ҚазҰУ - ға бөлінген. Кафедрада «Дінтану» мамандығына зор еңбек сіңірген А. Д. Құрманалиева, Н. Ж. Байтенова, Ш. С. Рысбекова, Қ. М. Борбасова, Б. К. Бейсенов сияқты оқытушылар жұмыс істейді. «Дінтану» мамандығы ашылғаннан бері кафедра елімізге қажетті кадрлар дайындаумен қатар, аталған сала бойынша Мемлекеттік білім беру нормаларын, пәндердің оқыту методологиясын жасады. Дінтану мамандығының ұжымы бакалавр, магистратура, PhD докторларын жаңа халықаралық талаптарға сай даярлауда. Атап кетер болсақ, жеке білім алу бағыттары, біліктілік траекториялары анықталып, қазіргі Қазақстан мен әлемдік еңбек нарығының сұраныстарына сай кәсіби білікті мамандар дайындау ісін әлі күнге дейін жалғастыруда.
«Дінтану» мамандығын бітірген түлектер келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:
- ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында кеңес беруші және эксперт маманы ретінде;
- Ішкі және сыртқы саясат бөлімдерінің қызметкері; Дін істер бойынша министрлікте қызметші;
- Мемлекеттік, конфессиялық және қоғамдық бірлестіктерде тәуелсіз эксперт ретінде;
- Мемлекеттік - құқықтық және мемлекеттік - шіркеулік мәселелерде дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша эксперт;
- ЖОО және арнайы орта оқу орындарында оқытушы ретінде;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;
- Бітіруші магистратура мен PhD доктарантурада білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, ЮНИСЕФ, ОБСЕ және т. б.) қатыса алады;

Авторлары: Қазақ Ұлттық Университеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Сейдахметов Б. Қ.
және Қазақ Ұлттық Университеті, Дінтану мамандығының оқытушысы, профессор
Борбасова Қ. М.

Дінтану – зайырлы мамандық ретінде. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама