Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Діни әңгімелер
5 сынып
Тақырыбы: Діни әңгімелер
Сілтемелер: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқулық Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай, 2010ж

Мақсаты а) Білімділік: Оқушыларға Құран кәрім туралы ондағы аят - хадистерінің айтылуы дүниеге Смайылдың келуі, Әби Зәмзәм суының шығуы, Алла Тағаланың шапағаты, шексіз мейірімділігі туралы мәлімет беру. Әңгімені оқыту, ондағы кейіпкерлер туралы пікір қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, логикалық ойлау қабілетін іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру тақырыпқа деген қызығушылығын шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру.
б) Тәрбиелілік: Әңгіменің мазмұны негізінде имандылық сезімін ояту, мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: Діни әңгімелер туралы біледі; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; әрекетті сыни бағалауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; топтаса отырып жұмыс жасай алады.

Оқыту әдістері Жаңа әдістер
Блум таксономиясы
АКТ Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс

Негізгі идея: «Саясат күнде өзгереді, ал - дін мәңгілік. Біздің тегіміз түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпаумыз керек. Ол үшін Қасиетті кітап - Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз» Н. Ә. Назарбаев.

Құрал – жабдықтар: Мультимедиа, слайдтар, электронды оқулық

Ұйымдастыру кезеңі 2мин
Мұғалім әрекеті: сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру, топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату Оқушы әрекеті: оқушылар бір - біріне тілектерін айтады.(Сабира сабырлы бол, Нұрсұлтан Нұрлы бол, Нұрзада жайдарлы бол) діни әңгіме кейіпкерлері арқылы оқушылар топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау 5мин

Мұғалім әрекеті:
Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмаларын тексеру.
1. Адам ата күллі ғаламды қалай жаратты?
2. Періштелерді неге уағыздады?
3. Адамды алла қалай жаратты?
4. Оның есімі кім?
5. Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
6. Алланың Ібіліске берген жазасы?

Оқушы әрекеті:
Сұрақтарға жауап береді, жеке жұмыс жасайды
Негізгі бөлім
1. Білім 5мин
Мұғалім әрекеті:
Әңгімелерді топтарға бөліп оқуға беру
Оқушы әрекеті:
Оқушылар берілген мәтінді оқып шығады

2. Түсіну 10 мин
Жоспар
1. Ибраһим - Сара - Ажар арасы
2. Бала үшін Ажарға үйленуі
3. Дүниеге нәрестенің келуі
4. Қызғаныш
5. Ибраһим әйелінің айтқанының орындауы
6. Ибраһим пайғамбардың зары
7. Ажардың күйзелісі
8. Бала өкшесі астынан су шығуы
9. Зәмзәм суы
10. Аллаға Ажардың ризашылығы

Оқушылар жоспар бойынша әңгімені мазмұндайды

Сергіту сәті « Рухани тазару әлеміне саяхат» 1мин ән тыңдау

3. Қолдану 3мин
Мұғалім әрекеті:
«10 сұрақ әдісі» бойынша мәтінмен жұмыс жасау
Оқушы әрекеті:
Әр топ 3 - 4 сұрақтан дайындайды, ортаға ыстық орындыққа отырған оқушы сұрақтарға жауап береді

4. Талдау 10мин
Мағынаны ажырату «Кубизм стратегиясы»

Мұғалім әрекеті:
1. Зерттеңіз Әңгіменің идеясын, тақырыбын ашу
2. Суреттеңіз
Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беру. Ажар мен Сараның іс - әрекеті.
3. Салыстырыңыз
Әңгімедегі әйелдер бейнесін салыстыр.
1. Шыдамдылыққа, төзімділікке байланысты нақыл сөз, мақал - мәтелдер жаз.

Оқушы әрекеті:
І топ Зерттейді Әңгіменің идеясын, тақырыбын ашады
ІІ топ Суреттеңіз Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді
ІІІ топ салыстырыңыз
ВЕНН диаграммасы
Ажар мен Сараға мінездеме береді
5. Жинақтау 6 мин
Мұғалім әрекеті:
Ой толғаныс
Әңгімеден алған әсерлері бойынша шығармашылық жұмыстар жасату
Оқушы әрекеті:
Эссе жазады
«Дінімізге адал болайық».
6. Бағалау 3мин
Мұғалім әрекеті:
Топ басшыларының бағалауымен салыстыра отырып, мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Сабақты қорытындылайды Оқушы әрекеті:
Топ басшысы бағалайды, топ мүшелері бір - біріне баға береді, құрбылар бірін - бірі бағалайды. Кері әсер парағы
2. Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?
Не ұнады?
Сабақтан алған әсерім

Үй тапсырмасы 1мин
Имандылық, дін туралы әңгімелер оқып келу, ақындардың қысқа шумақты өлеңдерін жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама