Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сын есім
№78 жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Өтемұрат Әсемгул Елеусінқызы

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Өткен сабақта алған зат есім, етістік туралы білімдерін нығайта отырып, сын есімнің мағыналық түрлері жөнінде жан – жақты түсініктер беріп, білімдерін жетілдіріп, ой – өрістерін кеңейту., сөздік қорларын дамыту. Сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата білуге ықпал ету
Негізгі идеялар:
- Оқушыларды сыни, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыру;
- Белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік беру;
- Балаларды сауаттылыққа баулып, шапшаңдыққа, уақытты ұтымды пайдалануға, қорытынды жасауға бағыт беру.
Күтілетін нәтиже: Пәндік нәтиже: сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Тұлғалық нәтиже: берілген тапсырмалар бойынша салыстыру, талдау, жинақтау тәсілдерін қолдана білу; өз күшіне деген сенімділігін арттыру;
Жүйелі – әрекеттік нәтиже: сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Топтық жұмыстар, ізденушілік бағыттағы тапсырмалар, «Ыстық орындық», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Ақылдың 6 қалпағы»
Оқытуда қолданылатын модульдер СТО, ЖЕСО, ОмОЖТ, ТжДБО, АКТ, ОК, ОүБ ОБ
Негізгі дереккөздері: « Қазақ тілі» 3 - сынып Атамұра 2014ж.
Ғаламтордан қосымша суреттер мен мәліметтер
Ресурстар: Интербелсенді тақта, ватман қағаз, маркерлер, стикер

Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызу
Жануарлардың аттары бойынша топқа бөлемін. Сонымен қатар олардың іс - әрекеттерін жасап, көрсетулерін сұраймын.

Сабақ барысына бағыт беру
Элективті (таңдамалы)
Тест
1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі:
А) зат есімӘ) бастауышБ) баяндауыш
2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?
А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса
Ә) бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса
Б) Бастауыш та, баяндауышта сын есімнен жасалса
3. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?
А) Тұрлаусыз мүшелер
Ә) Тұрлаулы мүшелер
Б) Анықтауыш мүшелер
4. Баяндауыштың сұрақтарын тап.
А) кім? не? кімдер? нелер?
Ә) қандай? кім?
Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?
5. Бастауыштың іс - қимылын білдіретін сөзді тап:
А) етістікӘ) зат есімБ) баяндауыш
6. Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле.
А) Бала Ә) Шала Б) Бұлт
7. Үш дыбыстан құралған бір буынды сөзді белгіле.
А) Ала Ә) Ана Б) Ант
8. Тек қана қатаң дауыссыздары бар сөзді белгіле.
А) Жаңғақ Ә) Қатық Б) Қаңбақ
9. Негізгі түбір сөзді тап.
А) Биші Ә) Алаша Б) Өнерпаз
10. Етістікті тап.
А) Шағала Ә) Шегеле Б) Кереге
11. Заттың санын білдіретін сөзді тап.
А) Қойшы Ә) Берші Б) Жетінші
12. Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап.
А) Не? Ә) Неше? Б) Қандай?
13. Жалқы есімді тап.
А) Жалбыз Ә) Ораз Б) Қарбыз
14. Тәуелдеулі зат есімді тап.
А) Кісі Ә) Інісі Б) Кірпі
15. Туынды сын есімді тап
А) Сөзбен Ә) Сөзшең Б) Сөзге
Оқушылармен жеке әңгімелесу. Мұғалім оқушылармен түсіну деңгейін тексеру үшін жеке әңгімелеседі.

«Ыстық орындыққа» шыққан оқушыға әр топ оқушыларынан сұрақ қою техникаларын пайдалана отырып, сұрақ қоюын қадағалаймын.
(Ережелерді сұрау)

Ырғақты әуенге қимыл - қозғалыс жасауға.
бағыттаймын.

«Артығын тап» дидактикалық ойын ұсынады.
1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау.
2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.
Қалыптастырушы бағалау жасап отыру.
- Бұл сөздер қандай сөз табына жатады? Неліктен?
Түсіндіру жұмысын жүргіземін.
«Қолмен белгі беру» техникасын қолданамын және қалыптастырушы бағалау жасап отырамын.
- Заттың түрін, түсін, сынын, сапасын білдіретін сөз табын (СЫН ЕСІМ) дейміз.
- Сын есімнің сұрақтары (ҚАНДАЙ? ҚАЙ?)
- Туынды сын есім (ЖҰРНАҚ ЖАЛҒАНУ) арқылы жасалады.
- Түбір сөзден жасалған сын есімді (НЕГІЗГІ СЫН ЕСІМ) дейміз.
- Негізгі сын есім, туынды сын есім болып (ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ)
- Дара сын есім, күрделі сын есім болып (ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ)

Жаңа сабақты түсінуіне пысықтау жұмысын жасаймын.
Сурет бойынша жұмыс жасату (Қандай?)

Оқулықпен жұмыс жасату
1 - жаттығу бойынша жұмбақ жасырады.
- жұмбақты шешуге қандай сөздер көмектесті?
- олар заттың несін білдіріп тұр?

2 - жаттығу бойынша суретпен жұмыс жасатамын.
- Күн қандай?
- Аспан қандай?
- Жапырақтар қандай?
Керекті сөздерді пайдалану: көңілді, ашық, көк, көгілдір, жасыл, сары, жабысқақ, нәзік.

Өздік жұмыс жасату

3 - жаттығу
«Қияр» тақырыбында шығармашылық жұмыстар орындатамын.
І топ Қияр туралы жұмбақ құрау.
ІІ топ Сипаттау мәтінін құрау
ІІІ топ Қияр туралы өлең шығару.
ІV топ Әңгімелеу мәтіні

Қалыптастырушы бағалау жасап отыру

Оқушылардың еңбегін қолпаштау

4 - жаттығуды орындату

Ойын арқылы мазмұнын меңгеруге ықпал ету.
Допты оқушыға лақтырып, «алма» деген сөзді атаймын, оқушы оны қағып алып «қызыл»деген сөзді айтып допты қайтарады. Ойын осылайша басқа сөздермен жалғастырыла береді.

5 - жаттығуды орындату
Суретке қарай отырып, әрқайсысының мазмұнына лайықты сөйлемдерді таңдап алуды тапсырамын. Жазу критерийлерін назарға ұстау.
• Сауатты жазу
• Көркем жазу
• Таза жазу

«Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.
Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.
Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.

Қалыптастырушы бағалау жасап отыру

- Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.
- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
Кері байланыс алу
«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс алу.
Жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама