Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
1 - мамыр достық күніне арналған ертеңгілік
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Сәлем бердім халқыма,
Сәлем бердім жалпыға.
Сәлемдесу кіреді
Ата дәстүр салтына.
Бірлік пен ынтымағы халықтың
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей келе құрметті қонақтар сіздерді бүгінгі "Жұлдыз","Айгөлек" ортаңғы топ балаларының дайындаған ертеңгіліне қош келдіңіздер!
«Түрі басқа болса да, тілегі бір.
Жүзі басқа болса да, жүрегі бір» дегендей, Қазақстан атты әлемге танылған ұлы мемлекетте 130 - дан аса ұлттар мен ұлыстар достықта, тыныштықта бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр.
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше маңызы зор құрылым. 1 мамыр бұл – Ынтымақтастық күні.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Ендеше, ынтымақтастығымыз бен тыныштығымыз одан әрі нығая түссін деген тілекпен ертеңгілігімізді бастайық!
Жүргізуші:
Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
«Қазақ биін» билесін мың бұралып,
Биіменен шашу шашып, бишілерім
Би:"Домбыра"(Кәусар, Ақерке, Кәусар, Назым)
Қазақ балаларының тақпақтары
Абдулнур:
Біз қазақпыз, батырмыз,
Байтақ ел боп жатырмыз.
Біз қазақпыз, арманбыз,
Батыр ел боп қалғанбыз.
Біз қазақпыз қаһарман
Жар салатын жаһаннан.
Біз қазақпыз, арыспыз,
Ер жүректі барыспыз.
Каусар:
Туған жер, алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Киелі сенің есімің
Жүреді мәңгі есімде.
Туған жер, алтын босағам,
Аттандым сенен қияға.
Апам мен Отан – қос анам,
Қондырған мені ұяма.
Нурасыл:
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос, бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Акерке:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын кен де, көл де ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Жүргізуші:
Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылық бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет, далаға шық!
Ортамызға орыс халқы өкілдерін шақырайық.
Орыс биі:"Балалайка"(Дінмұхаммед, Әскер.....)
Орысша тақпақтар
Дінмұхаммед:
Каждый Маю - дружбе рад
Май встречает детский сад
Наш веселый детский сад
Запевает песню лад
Мы из России, к вам прилетели Ажар
Танцы, песни вам показать
Солнце феи, солнце феи
Не жалей своих лучей.
Жүргізуші:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қошеметпен алдымызға грузин халқын шақырайық.
1. Грузия ресми атауы - Грузия Республикасы. Астанасы - Тбилиси. Еуропа құрлығының оңтүстік - шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Мемлекеттік тілі - грузин тілі. Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ұлттық ақшасы - манат.
Грузиндердің ұлттық биі:"Лезгинка"(Нұрали, Нұрали.....)
Тақпақтар
Нурали:
Сары, ақпыз, қарамыз
Бәрімізде баламыз
Бір қалада тұрамыз
Бір бақшаға барамыз.
Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз.
Нурали:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Грузиндердің ұлттық әні:"Гомарджома"
Орыстың ұлттық ойыны:"Әтештер айқасы"
Жүргізуші:
Қазақ жері - достықтың гүлстаны,
Дарқан өлкем - мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеңде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Қошеметпен алдымызға өзбек халқын шақырайық.
Тақпақтар
Достар тату тәттіміз
Болса қолда тәттіміз
Біз бөлісіп жатамыз
Бәріміз дәм татамыз
Бердіәлі:
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Каусар:
Достық - шырағымыз
Достық ұранымыз
Достық туымыз.
Достық әніміз
Атырау қаласы, Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі
Бозжанова Ақгул Серікқызы
Достығымыз жарасқан! жүктеу