Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ДСҰ - Эбола эпидемиясы аяқталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Либерия мен Батыс Африкада Эбола дерті эпидемиясы аяқталғанын жария етті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Халықаралық ұйымның мәлімдеуінше, вирустың белсенді түрде тарау кезеңі аяқталған.  Либерияда вирусты жұқтырғандар туралы факті тіркелмегеніне 42 күн болған.  

Өткен жылы Гвинея мен Сьерра-Леоне Эбола індетінен құтылған.

Сол кезде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Батыс Африка болашақта аурудың өршіген түріне тап болуы мүмкін екенін ескертті.

2013 жылдың желтоқсанынан бері эбола дертінен әлемде 11 мыңнан астам адам қайтыс болды.

http://www.inform.kz


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама