Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Дүкенші, Мазмұнды сюжеттік ойын
Мазмұнды сюжеттік ойын
Тақырыбы: «Дүкенші»
Білімділік мақсаты: Балаларға дүкен, дүкенші (тұтынушы туралы түсінік беру) Дүкен адамдарға өте қажет екенін, дүкеннен азық - түлік, ойыншық, аяқ киімдер, ыдыстар т. б. ақшаға алатыны туралы түсінік түсіндіру.
Дамытушылығы мақсаты: Сұрақ - жауап арқылы балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту., балалардың қызығушылығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды адамгершілікке инабаттылыққа баулу және достасып, бірігіп тату ойнауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар. Өлшеуіш, касса, тағам түрлері ыдыстар ақша т. б. дүкенге байланысты заттар.

Ұйымдастыру сәті:
Апаң сенің базардан
Алма сатып әперді
Ең үлкенін, тәттісін
Саған таңдап әперді
Алманы апаң қайдан алды?
Алманы кім сатты.
Алманы дүкеннен сатып алды.
Иә балалар
Бүгін біз дүкен ойынын ойнап көрелік.
Балалар мен сендерге ойын шартын түсіндірейін.
Ойын мазмұны. Тәрбиеші алдымен дүкенмен таныстырады. Онда дүкенші болатынын айтып түсіндіреді. Содан соң балалардың ішінен біреуін дүкенші етіп тағайындайды, ал қалған балалар сатып алушылар немесе клиенттер. Дүкенші өз формасын киеді. Дүкенге кірген кезде
- Сәлеметсіз бе
- Саламатсыз ба
Дүкенші: менің сізге қандай көмегім керек?
- Маған бір дана алма, екі дана апельсин керек еді.
- Мінекейіңіз
- Қанша төлейін
- 2 теңге
- Рахмет
- Ас болсын
- Сау болыңыз.
Сатушы:- Саламатсың ба
Тұтынушы - Сәлеметпе
- Мен немереме тәтті жүзім алайын деп едім?
Сатушы: мына жүзім өте дәмді.
- Ендеше маған содан 1кг өлшеңізші
Тұтынушы: Мінекейіңіз.
Сізден 3 теңге
- Рахмет
- Сау болыңыз?
Ендеше ойын ойнайық ойынның аты «Жемістер мен көкөністерді жинау.».
Ойын шарты: жерде шашылып жатқан жемістерді бір бөлек көкөністерді бір бөлек себептерге жинау.
- Жарайсыңдар балалар.
Енді өз орнымызға жайғаса қояйық.
Балалар біз бүгін қандай ойын ойнадық?
Мазмұнды ойын не туралы ойнадық.
Көкөніс дүкені.
Иа балалар көкөністер біздің ойымызды санамызды дамытады, бойымыз өседі.
Бүгінгі мазмұндық ойынымыз аяқталды. Топқа барып ойынымызды жалғастырамыз.
Сау болыңдар.

Коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Жақсылықова Мөлдір Абзалқызы
Екінші сәбилер топ тәрбиешісі

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама