- 03 жел. 2019 00:00
- 308
Екеуім-екеуім
Бежеңнің Әйнеп, Зәйнеп деген екі қызы болған екен. Арасы бір жасар тетелес өскен екі бала Бежең үйінде болса, қасынан шықпай еркелеп, әкелерінен екі елі айырылмайтын болыпты. Екі баласының мейірі Бежеңе ауған екен де, Бежеңнің жаны осы екі баласының үстінде екен.
Белгілі бір жылы Бежең сапарға шығады. Бірде дем алып жатып ұйықтап кетеді де түс көреді. Түсінде өз үйінің төрінде отырса, үйінде баққан екі кептер бар екен, бір қаршыға киіз үйдің шаңырағынан ұшып кіреді де, әлгі екі кептерді тең іліп алып, есіктен шығып кетеді. Бежең орнынан тұрып кептерді арашалап алып қалайын деп қозғалғанда өзі оянып кетеді. Осыдан кейін көңілі қобалжып, үйіне қайтқысы келіп, жұмысын тез бітіріп үйіне қайтады. Бежең келгенше екі баласы жұқпалы қызылша ауруына шалдығып, екеуі де бір күнде тең қайтыс болады. Балаларды енді ғана оң жаққа жатқызып болған кезде, Бежең де үйіне келіп түседі. Балаларының ежелгі дағдысы бойын ша алдынан жүгіріп шықпағанынан күмәнданады. Бежең үйіне кірумен зарлы көріс басталады да, шаңырақтан өлім шыққаны мәлім болады. Бежең тағат қыла алмай оң жақтағы шымылдықты ашып қараса, екі бала қатар жатқан. ол шыдап тұра алмай екі баласын құшақтап бауырына басып, «қос жанарым, екеуім», «екеуім, екеуім» деп егіле еңірейді. үй толы адам бірге жылап, бүкіл үй күңіренеді. Қатарға қосылып, көзге көрініп қалған екі бірдей баланың бір күнде тең қайтыс болып, оң жақта сұлап жатуы Бежеңді ауыр қайғы теңізіне батырады. Қос балапанын өлімге қимаған ол, қараша айында киіз үйдің іргесін түргізіп тастап, балаларын шығартпайды. өзі де нәр татпайды. Ақыры Құлбек бастаған ел ақсақалдары келіп Бежеңе жұбату айтып, иландырып балаларды қойдырған екен. Балаларының өліміне қатты қайғырып назаланға Бежең «Қос жанарым, екеуім», «Екеуім, екеуім» атты қайғы-қасірет ке толы зарлы күйді шертіп, шерін, мұңын тарқатады екен.