Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көкейкесті (І нұсқа)

Күйдің қалай туылғандығы туралы мынадай шежіре бар. Есімі ел көңілінде ұялаған күйші көрер тірлігін де ақырластырып қалады. Өмірінің соңғы кезінде ауру азабын шегіп, үзілер соңғы дәмін күтіп жатқан күйшіге күллі қазақтың бірталай жердегі игі жақсылары жиналып барады. Көңілін сұрап, жақсы жұбатуларын айтып отырған топқа әлден уақытта Тәттімбет, ауру төсегіне сүйеулі тұрған жан серігі — домбырасын алып, ғажайып бір күй шертеді. Күй аяқтала сала отырған топ бұл күйдің қайсы күй екендігін сұрап білгілері келеді. Сонда күйші, бұл күйімнің аты «Көкейкесті» болсын дейді. Күйшіні күзетіп, сусын беріп, ажалмен таласып отырған шәкірті әрі інісі Жақсымбет күйші табанда бұл күйді жатқа алады. Күй осылай туылып, кейін Жақсымет арқылы елге тарап, заманымызға жатады.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама