Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару
Математика 6 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару
«Білім талдау» атты топтық зерттеу сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу тәсілінің алгоритмін есептер шығаруда қолдана білуді меңгерту.
2. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
3. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, білім талдау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, кестелер, интерактивті тақта.
Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру.
2. «Теңіз шабуылы» ойыны (сұрақ - жауап)
3. «Біліміңді тексер» (оқулықпен жұмыс)
4. «Кім жүйрік» тест. (электронды оқулықпен жұмыс)
5. Сергіту сәті
6. Деңгейлік тапсырма орындау
7. «Дарындылар - дарабоздар» оқушылар шығармашылығы
8. Қорытындылау.
9. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру. Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
ІІ. «Теңіз шабуылы» ойыны
Сабақты ойын түрінде бастау.

• Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуге анықтама беріңдер
• Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?
• Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?
• Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды?
• Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі шексіз көп болады?
• Екі айнамлысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі
• Екі айнамлысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу алгоритмі
• Айнымалылардың сәйкес коэффициенттері өзара тең болса, теңдеулер жүйесі қалай шешіледі?
• Айнымалылардың сәйкес коэффициенттері өзара тең де, қарама - қарсы сандар да болмаса, теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен қалай шешіледі?
• Үйге берілген есепті тексеру
№1542 Жауабы: 15 см және 21 см.
№1543 Жауабы: 9 және 6 алмадан.
№1547 Жауабы: 2) (9;- 1), 4) (6; 3)
IІI. «Біліміңді тексер» (оқулықпен жұмыс)
№ 1548(1, 3)
№1552
ІV. «Кім жүйрік» тест тапсырмаларын орындау. Электронды оқулықпен жұмыс.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама