Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды логарифмдік теңсіздіктің анықтамасымен таныстыру; логарифмдік теңсіздікті шешу дағдысын қалыптастыру.
дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.
тәрбиелік: білім алуға, еңбек етуге, жауапкершілікке, бірін - бірі сыйлауға, уақытты тиымды пайдалануға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, болашаққа көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың типы: жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ізденіс, ой қозғау, есеп шығару.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тест тапсырмалары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Геометриялық фигуралар бойынша оқушыларды топтарға бөлу.
1 - топ: квадрат
2 - топ: зигзаг
3 - топ: шеңбер
4 - топ: үшбұрыш
Психологиялық атмосфераны қалыптастыру.
Бір - біріне жақсы тілектер айту.

ІІ. Негізгі бөлім.
Сабақтың кезеңдері:
- білу
- қолдану
- түсіну
- талдау
- бағалау
- пысықтау
Ойлану - ең қиын жұмыс, сондықтан да барлық адамдар бұл іске жұмыла алмайды.
Генри Форд.

1 - кезең. Білу.
1 - топ. Логарифм және оның қасиеттері.
2 - топ. Логарифмдік функцияның қасиеттері.
3 - топ. Логарифмдік теңдеуді шешу жолдары.
4 - топ. Теңсіздіктерді шешу тәсілдері.
Үй тапсырмасын тексеру.

2 - кезең. Қолдану.
Есептей білсең, есің түгелденер.
«Сәйкестендіру» ойыны.

Логарифмдік теңсіздіктерді шешу. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама