Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Екі бұғы

Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.

— Мен жеймін мұны, мен бұрын көрдім, — депті бірі.

— Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге, — депті екіншісі.

Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп, сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң, тіпті қызық болыпты. Бұғының мүйізін білесіңдер, талдың бұтағы сияқты болады. Ілініскенше әбден сүзіскен көрінеді. Бір кезде мүйіздері ілінісіп қалған бұғылар бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-берлі тартысыпты.

Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қалыпты да қуанып, дереу келіп бұғыларды арбасына салып, үйлеріне қарай жөнеле беріпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама