Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция

1944 жылдың жазында фашистік басқыншылардан азат ету барысында Франциядағы билік генерал де Голль баскарған Уақытша үкіметке көшкені айқын. Франциядағы Уақытша тәртіп 1946 жылы Төртінші республиканың конституциясы қабылданғанға дейін өмір сүргені белгілі. Уақытша үкіметтің сыртқы саясатында жеңілген Германия мәселесі маңызды орын алды. Уақытша үкімет Саар мен Рейн өзенінің сол жақ жағалауын, Францияға қосуға ұмтылып, Рурды «интернационализациялауды», Францияның пайдасына төлем төлетуді талап етті. Бұл да өз кезегінде сәті түскен пайданы қалайда жібермеуге тырысқан, соның нәтижесінде тарихтың жаңа бұрылысында неміс ұлтына тағы бір рет қыр көрсетіп қалу іспеттес. Гитлерлік басқыншылық нәтижесінде өзінің мемлекеттік нышанынан айырылып қала жаздаған Франция, ендігі жерде ішкі саяси жүйені нығайтуға тырысады. Сол арқылы ғана ол сыртқы қарсыластарына ықпал ету күшіне ие болатыны белгілі еді. Сол ретте Францияның ішкі саяси өміріндегі ірі оқиғаның бірі — Құрылтай жиналысына сайлау және жаңа конституция қабылдау болды. Құрылтай жиналысына сайлау және оның өкілеттігі жөніндегі референдум 1945 жылдың 21 қазанында өткен болатын. Сайлау нәтижесінде генерал де Голльдің төрағалығымен коалициялық үкімет қалыптасады. Бұл үкімет құрамында коммунистер, социалистер және халықтық республикалық қозғалыстармен қатар ешқандай партия да жоқ голлистер болды. Тек Құрылтай жиналысы жағынан бақылаумен келісе алмаған генерал де Голль 1946 жылдың 20 каңтарында өз қызметінен кететінін мәлімдейді. Министрлер Кеңесінің төрағасы болып социалист Ф.Гуэн сайланады.

1946 жылдың 13 казанындағы референдумда 52,3 пайыз сайлаушылар дауысымен конституцияның жаңа жобасы бекітіледі. Жаңа конституция бойынша Франция демократиялық, зайырлы және әлеуметтік Республика болып жарияланды.

1946 жылдың қараша айында Ұлттық жиналысқа алғаш рет сайлау өткізілді. Үкімет басына социалистер көсемі Блюм сайланды. Тек социалистерден ғана тұрған бұл үкімет бір ай ғана өмір сүрді. 1947 жылдың қаңтарында социалист П.Рамадье басқарған үш партиялы коалициялык үкімет келеді. Жаңа конституцияның күшіне енуіне және Ұлттык жиналысқа сайлау өтуіне байланысты Францияда Уакытша тәртіп тоқтатылады. Ендігі жерде, 1946 жылдан 1958 жылға дейін созылған Төртінші республика кезеңі басталады.

Республика ішіндегі саяси өмір де өзгерістерге түсіп жатты. 1947 жылғы сәуірде генерал де Голль бастаған оның әріптестері жаңа саяси партия — «Француз халқының бірлестігін» (ФХБ) құрады. Олардың негізгі талабы 1946 жылғы конституцияны өзгертіп, елде партияға тәуелсіз «күшті президенттік билікті» орнату еді. Ал ФХБ-ның сырткы саясаттағы көздеген мақсаты «батыс еуропалық елдерді КСРО-ға төтеп бере алатындай экономикалық және саяси топқа біріктіре отырып, сонымен бірге Батыс Еуропаның АҚШ алдында тәуелді болмауын қалады. Осы мақсатта ФХБ үкіметтегі билікке ұмтылу жолындағы іс-әрекеттерін бастайды. Сондай-ақ он топтағы басқа да партиялар өздерінің іс қимылдарын жандандыра түсті.

1947 жылы 5 мамырда Рамадье коммунистердің үкімет құрамынан шығаруы жөнінде декрет қабылдайды. Көпшілік дауыспен Ұлттық жиналыс бұл шешімді бекітеді. Сөйтіп, үш партиялы коалициялық үкімет тарайды.

Ал Төртінші республиканың ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайына келетін болсак, 1948 жылы өнеркәсіп өнімі тек соғысқа дейінгі деңгейге жетсе, ауылшаруашылық саласы бұл деңгейге 1950 жылдары ғана жетті. 50-жылдардың басында экономикалық қарқын бірқалыпты болмаса да әлдекайда тез қарқынмен дами бастады. Соғыс зардаптарының біртіндеп жойылуы, ғылымитехникалық дамудың ілгерілей түсуі, ірі мемлекеттік капитал қорлары, сұраныстар мен несиелер экономиканың дамуына жағдай туғызды. Экономиканың даму екпініне байланысты Франция АҚШ пен Ұлыбританиядан алда болғанымен, Италия мен Батыс Германиядан артта қалған еді.

1947 жылы Франция Англиямен өзара көмек жөнінде Дюнкер келісім шартына қол қояды, ал 1948 жылы Батыс одаққа мүше болды. Сол кездегі «қырғи-қабақ соғысының» ықпалы Францияның сыртқы саясатына да елеулі өзгерістер әкелді. Ендігі жерде Франция мен Федеративтік Германия арасындағы қатынас жаңа арнаға түскендей болды. Соғыстан кейінгі Германиядан алуға ұмтылған репарациялық талабын да өзгертіп, Батыс Германияның Маршалл жоспарына қатысуына өз келісімін бергені белгілі. Осының нәтижесінде Германия Федеративтік Республикасының құрылуына қолайлы жағдай туғызылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың барысында гитлерлік басқыншылықтың салдары Франция мемлекетіне үлкен зиян келтіргені белгілі. Франция мемлекетінің Жоспар жөніндегі Бас комиссариатының құжаттарына жүгінетін болсақ, 1954 жылға шаққанда жалпы ұлттық өнімге соғыстың тигізген зияны біржарым еседен артық (15390 млрд фр.). Өндіріс пен саудаға тигізген кеселі 135 млрд фр. бағаланса, ауылшаруашылығына — 68 млрд фр., байланыс пен жол көлігі саласына — 130 млрд фр. Францияның өнеркәсіп өндірісі кеп мөлшерде қысқарған. Өнеркәсіп өндірісінің ортаайлық индексі (құрылыссыз) (1938 ж. — 100-деп салыстырғанда) 1942 жылы — 55, 1943 жылы — 51, ал 1945 жылы — 42-ні құрады. Франция бұған дейін ірі өсім алушы болса, ендігі жерде екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде ол өзінің барлық қарыздарын беретін шетелдік мемлекеттерін жоғалтады. Сондай-ақ алтын қорының үштен екісін, яғни ол 1937 жылы 2749 млн доллармен бағаланса, 1946 жылы 867 млн долларға ғана жетті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары Францияның осы экономикалық деңгейі сайып келгенде оның халықаралық қатынастағы жағдайына тікелей өз әсерін тигізіп жатты. Елдің ішкі жағдайының күрт төмен түсіп кетуі, оның халықаралық аренадағы беделінің төмендеуіне әкелгені белгілі. Ал қырқыншы жылдардың аяғына таяу уақыттағы Францияның экономикалық деңгейіне көз жіберетін болсак, Франция үкіметі «Маршалл жоспары» бойынша 1949-1952 жылдары АҚШ-тан 3152 млн доллар көлемінде қаржылай көмекке ие болған еді.

Париждегі англоамерикандық ассоциациясының баспасөз мәжілісінде 1947 жылы Ш. де Голль «еуропалык бірліктің» қажеттілігі, «осы көне Еуропаны нығайту», және «бұл істі халықтар конфедерациясы жолымен табысты аяғына дейін жеткізу» керектігін айтады.

Еуропаны «біріктіру» қозғалысы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары тез карқынмен дамыды. Француз-батысгерман одағы жөніндегі ой тек қане француздар жағынан ғана шықкан жоқ, бұл одақ туралы 1950 жылдың қаңтарында Батыс Германияның канцлері К.Аденауэр де ұсыныс жасаған болатын. Бұл таңғаларлық жәй емес. Өйткені сол сәттегі халықаралық қатынаста қалыптасқан жағдайға орай Германияға Франциясыз, тіпті Францияның ырқына қарсы Батыс Еуропада қандай да интеграцияға түсу мүмкін емес еді. Сонымен бірге интеграция көлемі тарыла түскен сайын, ұйымдастыру кұрылымында ұлттық мүддеден тыс сипатты кеңеюі, ГФР-дің үлес салмағының ауқымдана түсуіне әкелсе, соғырлым ол басқа әріптестерінікіндей құқықтық тепе-теңдікке жетуге үміттене алады.

1950 жылғы 9 мамырдағы «Шуман жоспарының» жариялануы мен іске аса бастауы «еуропалық» қозғалыстың дамуындағы аса маңызды бетбұрыс болды. Батысеуропалық интеграциясының бастамасын жариялаған Робер Шуманның декларациясында былай деп мәлімделінген: «Біріккен Еуропаны бірден қабылдау аркылы немесе жай ғана қосылу арқылы кұруға болмайды; оны нақтылы жетістіктер арқылы, қорытындылай келе ең алдымен нағыз ынтымақтастыққа жету барысында құру қажет.

Көмір және болат бірлестігін кұру — еуропалық федерацияның алғашқы кезеңінің экономикалық дамуының жалпы негіздерін қалыптастыруды тікелей қамтамасыз етеді.»

Қалай дегенмен де бұл жақындасу француз-герман арасындағы ғасырлар бойғы араздықты жою жолындағы алғашқы қадамдардың бірі еді. Осы француз-герман қатынасына елеулі әсерін тигізген «Шуман жоспарына» қарсы шыққан деголльдіктер өз жоспарларын ұсынған болатын Ол жоспардың басты түйіні: еуропалық саяси конфедерация құру. Деголлдіктердің бұл ұстаған саяси бағытының өзіндік мақсаты болды, ол ең алдымен парламенттік жүйеге қарсылык, сол ретте күшті үкіметтік билік кұруға ұмтылыс еді. Бірақ сол кездегі Францияның ішкі жағдайына байланысты бұл жоспар жүзеге аспады. 1951 жылғы 13 желтоқсандағы Ұлттык жиналыста дауысқа түскен «Шуман жоспары» жөніндегі келісімшартты бекіту барысында 233 дауысқа қарсы 377 дауыс құптады. Еуропалық көмір және болат бірлестігі жөніндегі бұл келісімшарт қатысушы елдердің барлық заңдық үкіметтерінде бекітілгеннен кейін, келесі 1952 жылғы 25 шілдеде күшіне енеді. Осы келісімшарт негізіндегі Жоғарғы Ұйым өз жұмысын 1952 жылдың 10 тамызынан бастаса, осы жылдың 10 қыркүйегінде ЕКББ Ассамблеясының бірінші отырысы өтеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда еуропалық кұрылықтағы мемлекетаралық, әсіресе Франция мен Батыс Германия мемлекеттерінің қатысуымен жасалынған интеграциялық жобалар тек «Шуман жоспары» төңірегінде қана шектеліп қалған жок. Тарихи дамуға сай мемлекетаралық үйлесуге ұмтылған мемлекеттер ішінде басқа да жеке жоспарлар болып жатты, олардың ішіндегі маңыздыларының бірі Еуропалык қорғаныс коғамдастығын (ЕҚҚ) құру жобасы. 1950 жылдың тамызында Еуропалык кеңестің Консультативтік ассамблеясында француз өкілі Э.Бонфу ұлттық мүддеден жоғары тұратын Еуропалық көлік ұйымын («Бонфу жоспары») құруды ұсынады. Осыған байланысты кұрылған арнайы комиссия 1951 жылы осы ұйымды кұру жөнінде конвенция жобасын талқылайды. Тек бұл жоба әрі қарай өз жалғасын таппады. Әрине әрқилы экономикалық, саяси, ұлттық және әлеуметтік даму сатысындағы еуропалық мемлекеттердің де барлығының мүдделерінің бір арнадан шығуы мүмкін де емес еді. Соған қарамастан олар осындай тосқауылдар алдында тоқтап қалмай, әлі де жаңа бағыттарды іздестіруден жалықпады.

Францияның сыртқы саясатына арналған еңбектерге қарағанда, «Плевен жоспары» алғаш рет 1950 жылдың қыркүйек айында өткен НАТО Кеңесінің Нью-Йорктік сессиясында француз үкіметі жағынан ұсынылып, Францияның Ұлттық Жиналысы алдында Францияның премьер-министрі Р.Плевен 1950 жылы 24 қазанда жариялайды. Яғни, ол кұрамында әр ұлттан жиналған бірнеше құрамалары бар, үйлескен үлкен әскери бөлімнен тұратын «еуропалық әскер» құру жоспары. Әскер толығымен «бірыңғай еуропалық әскери және саяси басшылыққа» қарауға тиіс болды. «Плевен жоспары» алғашында АҚШ жағынан қарсылыққа тап болды. ГФР-дің ойынша, «Плевен жоспары» оларды басқа да әріптестерімен тең жағдайда қарастырды. «Еуропалық әскер» және Еуропалық корғаныс қоғамдастығын кұру мәселесі сол 1950 жылдың қыркүйегінен бастап қоғамдастыкқа мүдделі мемлекеттердің ішкі тартысында қандай дәрежеде болса, сыртқы халықаралық аренада да сондай тартыс мәселесіне айналған еді. Басты мәселе Германия Федеративтік Республикасы қандай деңгейде қаруланып, қандай әскери бөлімше ұстайды деген сияқты әңгіме төңірегінде талас тудырып жатты. Осыған байланысты француздық үкімет барлық НАТО-ға мүше мемлекеттер мен ГФР-ге Еуропалық қорғаныс қоғамдастығын құру мәселесі жөніндегі Париж конференциясына қатысуға өтініш жасаған болатын.

Тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптар:

Сұрақ: «Сетель» компаниясы қашан құрылды?
Жауап: 1959 жылы 27 мамырда «Файненшл таймс» жазғандай, электрондық өнеркәсіпте «Сетель» компаниясы құрылды.

Сұрақ: Гвинея мемлекеті қашан тәуелсіздігін алды?
Жауап: 1958 жылдың 1 қазанында Гвинея тәуелсіз мемлекет болды.

Сұрақ: Помпиду де Голль қашан қызметінен кетті?
Жауап: Помпиду де Голль 1969 жылы қызметтінен кетіп, 1970 жылдың қараша айында ол қайтыс болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама