- 19 қаз. 2020 00:00
- 193
Экологиялық мәселелер қашан шешілмек?
Әлемдік шешілмейтін даудамайлардың бола беретіні бірден бір анық. Ең үлкен мәселелердің алдыңғы қатарында экономика, жаһандану мен қатар экоголия да өзектіліктен түскен емес. Экология - 20 ғасырдан бері әлемдік мәселелердің бірі екені белгілі. Қазіргі таңда әлемдік экологияның шарықтау шегіне жеткен Камчатка түбегінің бойындағы Теңіз мұхитына құятын Беренг теңізі, Австралия, Арал апаты, Байқоңыр ғарыш айлағының барлығы осы жылдың ең үлкен даулардың біріне айналды. Осы жылдың басы Австралия үшін әлемдегі ең үлкен өртпен басталса, бұл жылдың қатері Камчатка түбегіндегі Беренг теңізінде айналып өтпеді. 2020 жыл адамзат үшін ғана емес, барлық табиғат пен жануарлар үшін де қиын жыл болмақ. Осы жылдың ең қуантар жаңалығы экологияның карантин уақытында әжептәуір тазарғаны болса, өндіріс орындарының жұмысы тоқтамағанның салдарынан табиғат күрделі апаттарға ұшырады. Ауа-райының қолайсыз болуының өзі де табиғатқа өзінің кесірін тигізбей қоймады, Австралиядағы өрттің өзі бұған дәлел десем қателеспеспін. 2019 жылдың құрғақтылықтың әсерінен, 2020 жылдың басы өртпен басталып 6 ай бойы жалғасты соның салдарынан 6,3 миллион гектар орман өртеніп, 1,25 миллиард жануар мен 25 адам қаза тапты. Табиғаттың осындай зардабынан Австралия зәбір көрген болса, адамдардың істеп жатқан заттарының салдарынан қаншама жер зардап шегіп отыр. Осы жылдың ең шегіне жеткен Камчатка түбегіндегі Тынық мұхитына құятын теңіздегі жануарлардың жаппай қырылуы болып жатыр. Адамдардың айтуы бойынша, теңізге мұнай өндіретін зауыттарының қалдықтары төгіледі екен, осының нәтижесінде Камчатка түбегінің теңіз жағалауында түрлі теңіз жануарлары өлі күйде табылып жатыр. Дәл қазір осы химиялардың қайдан құйып жатқаны іздестірілуде. Әлемдегі алпауыт экологиялық проблемалардың бірін Арал теңізі де иеленді. Бүгінде Арал теңізінде су мөлшері жылдан жылға азайып, теңіз түбіндегі тұздардың ауаға ұшып экология кері әсерін тигізіп жатқан көрінді. Әрине, Арал теңізінің бұлай тартылып қалуына оған құятын Әмудария мен Сырдария өзендерін шекаралас Өзбекстан, Қырғызстан және өзіміздің елімізде Қызылорда аймақтарында күріш, мақта өсіру егіншіліктерінің әсерімен қоса су электростанцияларының ашылуы да өздерінің кесірін тигізбей қоймады. Ғалымдардың пікірінше Арал теңізінің тұздары ауаға тарап Солтүстік Мұзды Мұхиттағы мұздардың еруіне алып келсе, жер бетін топан су баспақ, алайда Арал теңізін назарға ТМД елдерінен басқалары алуға қауқары жоқ сияқты. Осы мәселелердің деңгейіне Байқоңыр ғарыш айлағы да қуып жетті. Байқоңыр өңірінде ұшырылатын зымырандар мен түрлі тәжірбиелердің салдарынан экология бұзылмақ түгілі, әр тәжірбие үлкен радияция беретіні белгілі. Беріліп жатқан радияцияның салдары табиғат пен жануарлардан бөлек адамзатқа да өзінің кесірін тигізбей қоймас. Сол себепті бұған барша әлем назар салып, өз қолдарына алмайынша жер шарының экологиясы нашарлай бермек. Табиғатты аялайық.
Тұран Университетінің 2 курс студенті - Бектурова Фариза.