
- 10 нау. 2016 00:00
- 282
Елбасы Ақтөбедегі физика-математика мектебінің оқушыларымен жүздесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін аралап көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі және оқуда үздік нәтижеге жетулеріне ниеттестігін білдірді.
Мектепте 202 педагог маман, соның ішінде 125 мұғалім, 16 куратор, 8 тәрбиеші және 17 шетелдік қызметкер оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.