Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Астана қаласы №53 мектеп - лицейінің
физика пәнінің мұғалімі
Тулеубаева Кокеш Нағашыбаевана
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың электростатиканың негізгі заңдары тұйықталған жүйеде зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңының маңызы мен мазмұнын түсініп есеп шығаруға дағдыландыру.
Міндеттері:
Кулон заңының математикалық өрнегі жөнінде түсіндіру
Кулон күшінің өлшем бірліктерін ұғындыру
Өз ойларын ашық айтуға, тұжырымдама жасай білуге, сауатты, мәдениетті сөйлеуге, ауызша, жазбаша есептеуге машықтандыру, білімге қызығушылығын арттыру
Ұжымшыл, ұйымшыл, ұқыпты, жинақты болуға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Плакаттар, резина шарлар, эбонит, металл таяқшалар, электроскоп және т. б.
Әдіс - тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, тренинг, көрнекілік, тәжірибе және т. б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Доп маған» әдісі
(допты оқушыларға лақтырып, үйге берілген тапсырманы тексеру )
Мысалы: Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады.
Электроскоп грек сөзінен аударғанда «электрді көремін» деген мағынаны білдіреді.
Электр зарядтарын өткізу қабілетіне қарай заттар шартты түрде электрөткізгіштер және электр өткізбейтіндер болып бөлінеді.
Өткізгіштер немесе изоляторларға адамның, малдың денесі, ылғал жер жатады. Электр зарядын өткізбейтіндерге пластмассалар, фарфор, шыны, маталар жатады.Электр заряды физикалық шама.
Әрі қарай бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек электрон деп аталады.
Миликкен тәжірибе жүзінде анықтаған электронның электр зарядын элементар заряд деп атайды
Электрон заряды теріс болады және оны е әрпімен белгілейді. Оның сан мәні - 1, 6 x 10 - 19 Кл тең.
Ядроның құрамындағы оң зарядталған бөлшек протон, заряды болмайтын, нейтрон болады.
Атомдағы электрондар саны протондардың санына тең.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама