Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Білімділік: Булану және конденсация, буланудың түрлері, қасиеттері, заттың кризистік күйі, қайнау процесі жайлы мағлұмат жинау
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру қабілеттірін дамыту, өзін - өзі және басқа оқушыларды нақты бағалауға үйрену
Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге, ұйымшылдыққа, топта бірлесе жұмыс жүргізе білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Есептер шығару.
Сабақты бекіту.
Қортындылау
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
Сәйкестендіру кестесін толтыру.
1. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
2. Төмендегідей ұйғарымдармен келісесіңдер ме? (иә, жоқ)
3. Молекулалардың сұйықтан буға өтуі кебу деп аталады (иә).
4. Кебу қайнау температурасында жүреді (жоқ).
5. Сырттан жылу берілмегенде кебетін сұйықтың температурасы төмендейді (иә).
6. Еденге төгілген су, сол мөлшердегі стақандағы судан баяу кебеді (жоқ).
7. Сұйықтың температурасы жоғары болған сайын, кебу баяу жүреді(жоқ).
8. Конденсация деп молекулалардың будан сұйыққа өтуін айтады (иә).
9. Конденсациялану кезінде энергия бөлінеді (иә).
Суреттермен жұмыс
Интербелсенді тақтаны пайдаланып демонстрация көрсету.
Меншікті булану жылуы (г) деп массасы І кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін айтады. Өлшем бірлігі - 1Дж/кг. Q=гm
Жаңа материалды меңгерту:
І. Қайнау құбылысын бақылау барысында төмендегідей сұрақтарға талдау жасау.
- Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді?
- Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болады?
- Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады?
- Көпіршіктерге әсер ететін күштерді кескіндеп көрсетіңдер.
- Неліктен су «шуылдайды»?

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама