- 21 жел. 2023 00:00
- 782
Электронды темекі
Өндірушілер темекіде таза су буына ұқсас мүлдем қауіпсіз зат қолданылғанын мәлімдейді, ақиқатында олай емес. Құрамына үңіліп, оның адам денсаулығына неліктен зиянды екенін анықтауға тырысайық.
Зерттеулер көрсеткендей, аэрозоль құрамында никотин (әрдайым емес), глицерин, хош иістендіргіш компоненттер, пропиленгликоль, ацетальдегид, формальдегид және басқа да канцерогенді химимялық (қатерлі ісіктердің пайда болуын қоздыратын) заттар бар.
Пропиленгликоль тұрмыстық химия өндірісінде қолданылады. Денеге енгеннен кейін ол бүйрек пен миға әсер етіп, олардың жұмысын бұзады.
Вейптардағы табиғи никотин денеге одан да үлкен қауіп төндіретін химиялық никотинмен ауыстырылды.
Химиялық алмастырғыштарға никотин сульфаты жатады. Ол ертеректе ауыл шаруашылығына зиян келтіретін жәндіктермен және өсімдік ауруларымен күресу үшін пестицид ретінде қолданылған, бірақ уытының жоғары болуына байланысты тыйым салынған.
Құрамында никотин болмаса, мұндай темекілер адам денсаулығына неге зиянды? Аэрозоль құрамындағы хош иістер өкпеге еніп, оларды жасушалық деңгейде зақымдайды. Ақырында пневмонияның, астманың және жүрек-тамыр жетіспеушілігінің дамуын қоздырады. Сонымен қатар, шырышты қабаттарға үнемі әсер ететін түтін де айқын зиян келтіреді.
Жарылу қаупі
Бүгінде әлем бойынша электронды темекілердің адам аузында жарылғаны туралы бірнеше оқиға тіркелген.
Жарылыстың салдарынан 57 жасар Флорида штатының тұрғыны тілсіз қалса, 17 жастағы мәскеу қаласында мектеп оқушысының тістерін қағып түсірген. Ерні мен жағына зиян келіп пластикалық ота жасатып жасанды тістер салуға мәжбүр болған. 24 жастағы американдық электронды темекінің жарылуынан ұйқы артериясы үзіліп қайтыс болған.
Оқуға кеңес береміз:
Темекінің миға беретін зияндары
31 мамыр – Халықаралық темекі тартумен күрес күні
Темекі тартудың салдары: несімен қауіпті, қандай зияны бар?