Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Электрондық оқу-әдістемелерінің материалдарын құру технологиясы

«Тараз-Болашақ» медициналық колледжінің оқытушысы
Айдаболова Фариза Еркиновна

Қоғамдағы өндірістің, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық саласындағы үдерістердің серпінді өзгерісі, біріншіден білімге деген сұраныстың өсуіне алып келсе, екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен технологияларын анықтауды талап етеді. Бүкіл әлемдік компьютерлік интернет желісінің дамуы әлемдік білім беру жүйесінің эволюциялық толық жетілуіне жаңа жол ашты. Қазіргі таңда Интернетті қолдану арқылы электронды – компьютерлік желілер мен телекоммуникациялық әдістерге негізделе отырып білім беру жүйесінің дәстүрлі әдістері жаңа оқу әдістерімен толықтырылуда. Интернет – технологиясына негізделген электронды оқулық жүйесі әлемдік желі ұйымына кіру принциптері бойынша жаңа функцияларды орындайды [1].

Заман талабына сай әрбір азамат үздіксіз білім алу қажеттіліктері бойынша әлемдік ақпараттар ресурстарына, мәліметтер қорына қол жеткізуіне ықпал жасалу арқылы үнемі кәсіби деңгейін белсенді түрде жоғарылатып отыруы қажеттігі туындап отырғаны мәлім.

Бiлiм берудi дамытудың қазiргi кездегi өзектi идеясы - электронды оқулық болып табылады. Олар оқу процесiн даралау мен дифференциалдауға, қатенi тексерудi бақылау мен керi байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзiн-өзi бақылау мен өзiн-өзi түзетудi, әртүрлi жағдайларда тиiмдi шешiмдi қабылдай бiлу ептiлiгiн қалыптастыруға, ойлаудың белгiлi бiр типiн дамытуға (көрнектi-бейнелi, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық iс-әрекетiнiң мәдениетiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Internet-презентация ретінде лекциялар мен оқулықтарды гипертекстік форматта иллюстрациялық, видео және аудио қойылымдарға толы етіп жасау қиын емес. Мұндай материалдарды мектеп сайттарында, дискі кеңістігі тегін берілетін бірнеше ондаған web-серверлерде орнатуға болады [1].

Ақпараттық оқыту материалдарын интернетте орнатуда көбінде электронды оқулықтардың ақпараттық бөлігінен бөлек оның ыңғайлы навигациясын құру, гипертекстік байланыс жүйесін орнату, қаптамалар дайындау әдістері және глоссари сияқты мазмұнды бөлігін құруға көптеп күш жұмсалатыны анық.

Заманауи күрделі ақпараттық жүйе ретінде қарастырылатын электронды кітапханалар білім беру қоймасы болып табылады. Бұл хабарлама берудің ерекше түрі. Электронды кітапханалардың каталогтары көбінде тегін ұсынылады. Сонымен қатар, тегін қызмет көрсетудің бірнеше жобасы жасалған әсіресе классикалық туындыларды алсақ та жетіп жатыр. Қазіргі таңда Интернет желісінің даму қарсаңында электронды кітапханалар зерттелу үстінде және құрылу жағынан жеделдетуде. Оқу процесінде оқулықтар, оқу материалдары сияқты көптеген ақпараттар жиынтығы электронды тұрғыда талап етілуіне байланысты соңғы жылдары электронды ақпараттық жинақтарды электронды кітапхана ретінде қалыптастыру әдетке айналып кетті.

СD-RОМ, NWW-тің көмегімен Интернеттің глобальды (ауқымды) жүйесі арқылы қалың бұқараның білім алуына жол ашады, оқушыларды оқу процесінде кеңінен қамтып, басқа да көптеген дәстүрлі оқу орындарындағы оқу құралдарын қолдағандай емес, бұл оқу процесін өздері-ақ меңгеріп басқара алады (1-суреттен көруге болады). 

 

 

Сурет 1 - Білім алу процесі

Электрондық оқу материалдары білім процесінің қолдану мен қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Электронды оқулықтарды пайдалану – қысқа мерзім ішінде қажетті ақпаратты табуға, уақытты үнемдеуге, білімді тез арада тексеруге мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай компьютерлік телекоммуникация білім алу және алуан түрлі оқулық, ақпараттардан хабардар болуға мүмкіндік туғызуда. Тәжірибе көрсеткеніндей, оқу курстарының құрылымдары мен сапасы қашықтан оқыту сапасы сияқы дәстүрлі түрде білім беретін оқу орындарының білім сапасынан анағұрлым жақсы [2].

Дыбыстар, қозғалыстар мен образдар, текстегі мазмұндар бір-бірімен үйлесе отырып өте тиімді де ұғынықты кеңістігін құрады.

Осы кеңістіктің өрісі кеңіп, байи түскен сайын оқу процесіне қызығып, қатысқысы келетіндер саны да көбейе түседі. Жаңа технологиялар жүйесіндегі пайдаланылатын бағдарламалар мен ақпараттар алу жүйелерін интерактивті түрде пайдалану мүмкіндіктері оқу процесін жақсартуға ықпал етіп, өзара сұхбаттасуға мүмкіндік береді 2, 3-суреттерде көрсетілген.

 

Сурет 2 - Электронды оқу-әдістемелік материалдарын құру технологиясы

 

         Осыншама студенттерді күндізгі оқытатын бөлімдерде оқытып, білім беру жүгін экономикасы өркендеп, дамыған елдердің өзінде де бюджеттің көтере алмайтыны белгілі. Осыған орай, соңғы он жыл ішінде дәстүрлі емес технологиялар бойынша білім алуға талпынған оқушылар санының саны дәстүрлі оқу орындарындағы күндізгі оқытатын бөлімдерде оқитын студенттер санынан әлдеқайда жоғарылай түскендігі кездейсоқ жай емес. Дүние жүзі бойынша білім берудің дәстүрлі емес түрлеріне көшуге жол ашатын осы технологияларды басшылыққа ала отырып, дайындық жасап жатқан оқу орындарының саны арта түскендігі байқалады.

 

 

Сурет 3 - Электронды оқулықтар құру технологиясы

 

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі - білім беруді ақпараттандыру. Осы бағыттағы жұмыстар 2010 жылы қабылданған орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі постиндустриялық қоғамда  ақпараттық технологиялардың (АТ) рөлі өте маңызды, олар бүгінде қоғамды ақыл-парасатпен байыту, оның экономикасын,  білім беру жүйесі  мен мәдениетін дамыту үрдісінде шешуші орында. Олардың адам өмірінің сан алуан салаларында кеңінен пайдалануына байланысты олармен оқу мен танымның бастапқы кезеңдерінде жедел таныса бастау қажеттілігі туды. Білім беру жүйесі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне, дыбыс қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай  қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Әсіресе, олардың тиімділігі:

1. Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

3. Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеуі);

4. Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарынигеруде (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдерді) айқын сезіледі;

5. Іс-әрекет қимылды қажет ететін пәндермен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

6. Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтынтабиғаттыңтаңғажайыппроцестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірбие нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

7. Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми-көпшілік, рухани, тарихи-танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с. логикалық тұрғыдағы ойындар).

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электронды байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу Интернет, электронды почта, телеконференция, бейнеконференция, телекомуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны белгілі. Мұндағы ең басты назар аударарлық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет.

Сонымен бірге жаңа ақпараттық технологияларды қолдану үрдісін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету саласында да, оның психологиялық-педагогикалық, физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық және технологиялық аспектілерде өзгеріс әкеледі.

Компьютерлік өнімдерді сату нарығында жылдан-жылға электронды оқулықтар т.с.с саны өсуде. Сонымен қатар, «электронды оқулық» қандай болуы керек деген дау-дамай жалғасуда, қандай құрылымнан тұру керектігі жайлы. Әдеттегі электронды оқулықтың құрылымы: оқу материялы, тәжірибе, тестілеу.

Материалды ұсынудың кәдімгі құжат түрінде көрсетілуі, яғни, қарапайым түрдегі электронды оқулық дайындау – ол сызықтық түрде жалғаса қолданылатын текстік жүйе. Бұл электронды  оқулық түрі бойынша аздаған материал тақырыпқа және бетке бөлінген, мазмұнды суреттер мен текстік материалдар көлемінде берілуі мүмкін. Бұл электронды  оқулықпен жұмыс жасау принципі бойынша оқытылатын тақырыппен танысу алдын ала белгіленген, өзгертуге болмайтын заңдылықпен жүзеге асады. Бұл кезде жүйе бірінен-соң бірі орындалады және оқытудың ең басынан бастап қолдануды ұсынады. Бұл оқулық түрі бойынша білімді бағалауда тестік жүйе құрылмайды. Мұнда тек өтілген тақырыпқа және оқылып біткен материалдарға ғана баға беру процесі жүреді.

Қортындылай келгенде, оқу басылымдардың дидактикалық мүмкіндіктерін, кішігірім зерттеулердің өзінде-ақ, оқушылардың өздік жұмыс жасаудағы, электрондық оқулықтармен жұмыс істеудің перспективалары мен оның артықшылығы көрсетіледі. Мультимедиалық технолгиялардың электрондық оқулық ішінде бар болуы, оқушылардың оқу материалын қабылдау мен түсіну қабілетін жоғарлатады. Электрондық оқулықты жасағанда мультимедиалық технолгияларды қолдануы, интелектуалды жағынан көп уақыт және қаражат алатынын және жасауы қиынға түсетінін оқу орындарының басқарушылары білуі керек.

Электронды оқулықты бір ғана адам жасауы мүмкін емес, сондықтан оған арнайы топ құрылып, идеологиялық және методикалық негізде жасайды.

Оқушының іс-әрекеттік ерекшелігі – оның құрылымы, кәсіби және танымдылық бағыттылығы бар біртұтас құрылым болып табылады. Болашақ маманның бірыңғай іс-әрекеттік құрылымын ескере отырып, олардың ақпараттық-логикалық модельдеу іскерлігін  қалыптастыру қазіргі кезде мамандар даярлауға қойылатын талаптардың күшеюімен, олардың кәсіби деңгейінің ақпараттық-компьютерлік, жалпы информатикалық дайындық деңгейіне тәуелділігімен, оның ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделуімен, білім, іскерлік және дағды деңгейімен, оқыту мазмұны мен әдістемелік шарттармен және т.б. факторлармен сипатталады.

Электронды оқулықты құру барысында қолданылатын концепциялардың бірі – инфологиялық матрица концепциясы бойынша: автор өзінің дайындауға алған электронды оқулық құрылымын тиянақты, көзінің методикалық көз қарасы және ойына сәйкес жасау жолдарын матрица түрін келтірсек болады.

Электронды оқулық құрылымын жақсы құруға, материал мазмұнының жоғары деңгейде жасауына қарай оқуға бейімдеп, әрбір білім алушы өз тұрғысынан қажетті материалды таңдауына аса көмегі тиеді. Мұндай оқулықтар әртүрлі дизайнда жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бхангал Ш. Flash. Трюки. – СПб.: Питер, 2005

2. Е. Қ. Балапанов, Б. Б.Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов Жаңа информациялық технологиялар- А.: ЖТИ, 2004

3. М. Қ. Байжұманова, Л. Қ. Жапсарбаева Информатика. А.: Жалын, 2004


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама