Еліктеу сөздер, түрлері
Тақырыбы: Еліктеу сөздер, түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;
б) тәрбиелік: тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау (топпен, жұппен жұмыс, салыстыру, Венн диаграммасы, ББҮ, семантикалық карта).
Көрнекілігі: суреттер, кесте, ойыншықтар, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, видео фильм.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, жаратылыстану.
Күтілетін нәтиже:
1. Еліктеу сөздер туралы толық мәлімет алады.
2. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін біледі.
3. Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратып, мысал арқылы дәлелдей алады.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- оқушылармен сәлемдесу, танысу;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Әрбір сабағым төмендегідей тәлім сәтімен басталады.
Тәлім сәті:
- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір ісім?
- Тірек, тірлік, адалдық.
- Әрбір сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, мақсаты және жоспарымен таныстырайын.
ІІ. Үйге берілген сабақты пысықтау.
Слайд бойынша үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ - жауап әдісі бойынша және интерактивті тақта арқылы жауап береді.
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
- Үстеу дегеніміз не?
- Үстеудің жасалу жолы қандай?
Мыс. Ертең (айтылуы бойынша жазылады), ала жаздай (бөлек жазылады), көзбе - көз (дефис арқылы жазылады), бүгін (бірге жазылады). Үй тапсырмасын «Даналық ағашы» арқылы қорытындылап, жаңа сабаққа кірісеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту. «Зерттеу шеберханасы» іс - тәжірибе арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
- Балалар, өмір - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол – таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс - әрекеттер орындаудамыз. Біз көзбен көру, құлақпен есту арқылы осындай күрделі құбылыстарды анықтаймыз.
(Еліктеу сөздерді ұқтыру үшін тақтадағы суреттерді көрсетіп, өмір құбылыстарынан түрлі мысалдар келтіріп, іс - тәжірибе арқылы, мысалы ойыншықтарды пайдаланып түрлі дыбыстарды тыңдайды, қимылдар көрсетіледі)
Жанып жатқан отқа су құямыз
Сұрақ: - От қайтіп сөнді?
Жауап: - От быж етіп сөнді.
Сағат аламын да, үстел үстіне қоямын.
Сұрақ: - Сағат қалай жүріп тұр?
Балалардың жауабы: - Сағат тық - тық етіп жүріп тұр.
- Балалар, осы дыбыстарды қай сезім мүшемізбен қабылдадық?
- Құлағымызбен естідік.
Оқушының атын атап өзіне қарату.
- Қайсар қалай қарады?
- Қайсар жалт қарады.
– Аю қалай жүреді?
- Аю қорбаң - қорбаң етеді.
- Оқушылар, осыдан қимылды естідік пе, әлде көрдік пе?
- Көзімізбен көрдік.
2. Мағынаны тану.
Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен көріп байқайды екенбіз. Тақтаға күннің жады, жаңа сабақтың тақырыбы жазылады. Оқушылар осы кезде дәптерлеріне жазады.
(Ережені жаңағы мысалдардан айтып шығару)
Айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл - әрекетіне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
Мысалы: тырс (етті), гүрс (етті), жалт - жұлт, қаңғыр - күңгір т. б.
Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар.
Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады.
Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып қабылданады. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.
Оқушылар оқулықтан 304 - жаттығуды ауызша, 300 - жаттығуды тақтаға орындайды. Сондай - ақ «Әдебиет» оқулығынан Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен еліктеу сөздер қатысқан сөйлемдерді тауып оқиды.
Сергіту сәті. «Қимылдасаң қимылда» ойыны. Қағазға жазылған сөздерді оқушылар бір - бірлеп алып, оны қимылмен көрсетеді.
«Поэзия минуты»
Абайдың «Бойы бұлғаң» өлеңін оқылады. Оқушылар өлеңнен еліктеу сөздерді табады.
Синквэйн әдісі. « 5жол өлең». Оқушылар төмендегі үлгі бойынша жұмыстанады.
1. Кім? Не? (бір сөз) қарға
2. Қандай? (екі сөз) ала, қара
3. Не істейді? (үш сөз) қарқылдайды, ұшады, қонады.
4. Сөйлем (төрт сөз) Ала қарға қарқ-қарқ етіп ұшады.
5. Синонимі (бір сөз) құс
3. Ой толғаныс.
Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін байқау үшін төмендегідей тапсырмалар орындалады.
Тақтада көрсетілген «Семантикалық картаны» толтыру, топпен «Орамал тастау» ойыны ойналады. Ойынның шарты: сыныптағы қатар бойынша балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топтан бір бала орамалды алып еліктеу сөздің бір сыңарын айтады да, орамалды келесі топқа лақтырады. Ол оқушы сол сөздің екінші сыңарын тауып айтуы қажет.
Егер оқушы екінші сыңарын таба алмаса тақтаға шығып берілген сөзге морфологиялық талдау жасайды.
Венн диаграммасын оқушылар толтырады. Ортақ белгісі: еліктеу сөз, сөз табы, қайталану, қосарлану арқылы жасалады. Айырмашылығы: еліктеуіш сөз құлақпен естиміз; Бейнелеуіш сөздер: табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көзбен көреміз.
Терме диктанты.
Диктант оқылған уақытта оқушылар кездескен еліктеу сөздерді теріп жазады.
Ойтолғау.
Видеодан көктемгі табиғат көрінісі көрсетіледі де, оқушылар алған әсерін еліктеу сөздерді пайдалана отырып ойтолғау жазып, оқиды.
Үйге тапсырма:
Ережені жаттау. 305 - жаттығу, 306 - жаттығу.
Бағалау.
Сабақ барысында алған дөңгелекшелері бойынша оқушылар бағаланады.
Қорытындылау. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе ББҮ стратегиясын ұсынамын, әркім өз пікірін жазады.
Еліктеу сөздерді қатыстырып құрастырған өз өлеңіммен сабақты аяқтаймын:
Сарт - сарт етіп сағат тілі тықылдап,
Аяқталып келді міне сабақта.
Дүрс - дүрс етіп жүрегіміз лүпілдеп,
Күтіп едік қалай өтіп шығар деп.
Ризамын, балалар, мен сендерге
Шып - шып терлеп, топ - топ етіп,
Тарс - тұрс етпей, үлгердіңдер бәріне.
«Қыңқ» демеді ешкім де,
«Ыржаң - ыржаң» күле беред барлығы.
Жалт - жұлт жанып, сылаң қағып,
Аман - сау боп жүре бергің бәріңде.
Сау болыңдар!