Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мен таңдаған пән
Тақырыбы: Мен таңдаған пән
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.
21 ғасыр – Ғылым ғасыры. Сондықтан жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы орайда жаңа технология элементтерін пайдаланып «Биология» пәнін таңдаған 11 сынып оқушыларымен алған білімдерін одан әрі жетілдіру және тереңдету, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын баулу, өз ойларын дұрыс жеткізуге, ізенуге тәрбиелеу мақсаты көзделіп «Мен таңдаған пән» деп аталатын биологиялық сынақты бастауға рұқсат етіңіздер..

Сынақ бөлімдері:
1 - бөлім: Сиқырлы ұяшықтар.
2 - бөлім: Дайындығыңыз қалай;
3 - бөлім: Биологиялық пошта:
4 - бөлім: 9 Ромб:
5 - бөлім: Пилот навигатор

Жан - жақты болу керек нағыз өрен,
Секілді өткір жүзді бейне ақберен.
Өнерлі, білімді де әрі батыл,
Биологияның әр саласын білер терең»-
дей келе әр қатысушы өздерінің таңдаған «Биология» пәні бойынша жалпы сұрақтарға жауап береді. Егер сұраққа жауап бере алмаса басқа қатысушылар жауап беруіне болады. Әр сұрақ жеңілден қиынға қарай 20, 30, 40, 50 сандарында жасырынған.
1 - бөлім; Сиқырлы ұяшықтар.
Ботаника: 20; Өсімдікте қандай тыңайтқыш жетіспесе өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. (азот)
30; Гүлсеріксіз гүлдер? (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі)
40; Плауннан өнеркәсіпте неге пайдаланады? ( сары және жасыл бояу)
50; Күріш, қант қамысының, көптеген жеміс және көкөністік дақылдардың отаны? (Оңтүстік азиялық тропиктік орталық)
Жануартану: 20; Мысық сорғыш құрты қандай ауруға шалдықтырады? (Описторхоз)
30; Қандауыршаның сыртқы және ішкі қабаты? ( сыртқы - эпидермис, ішкі - нағыз тері)
40; Сыңар өркешті түйенің ғылыми атауы? (дромадер)
50; Бауыраяқты ұлулар? (түйіртек, жұмырлақ, шалшық ұлу, тоспа ұлуы, қошқар мүйіз, жүзім ұлуы, жалаңаш шырышты.)
Тәнтану: 20; Анализатор дегенді ұғымды енгізген ғалым?( И. П. Павлов)
30; Шынтақ буынын бүккіш? (екібасты бұлшықет «бицепс» )
40; Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы? (энурез)
50; «А» дәрумен қайда кездеседі және жетіспесе қандай ауруларға шалдығады? ( мал майлары, ет, балық, жұмыртқа, сүт. Аурулары - көз ауырады, бойдың өсуі баяулайды)
Генетика: 20; Генетика терминін қай ғалым енгізді? (У. Бэтсон)
30; Мендельдің бірінші заңы? (біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық)
40; Көптеген жағдайда сүтқоректілердің бір ғана жұмыртқасы ұрықтанады, оны? (моноспермиялы)
50; Ұрықтық даму сатысында мезодерма қабатынан пайда болады?( желі, бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек, қан тамырлары)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
ъ
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама