Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
«Елімнің бақыты-Тәуелсіздік»
Сабақтың тақырыбы: «Елімнің бақыты - Тәуелсіздік»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Қазақ елі рәміздері, нақыл сөздер, слайдтар
Түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, үнтаспа тыңдау.
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар осы кештің қадірлі қонақтары!
Бүгінгі 16 желтоқсан тәуелсіздігімізге 28 жыл толуына байланысты «Елімнің бақыты - Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Хор «Әнұран»
Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын жылы көңіл күй сыйлап бір-бірімізге қарап жымияық. Мұғалім:
Тәуелсіздік - қасиетің, құнарың,
Тәуелсіздік - жарқыраған шынарың
Тәуелсіздік - бар бақыттың бастауы
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның
Ой - қозғау.
- Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз (Қазақстан) - Біздің Елбасымыз кім? (Н. Ә. Назарбаев) - Қазақстанның рәміздері қалай аталады? (ту, елтаңба, әнұран) - Біздің президентіміз кім?(Қ. К. Тоқаев)– Балалар жылдың неше мезгілі бар? - 4 мезгілі бар. – Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс. – Қыстың неше айы бар? - Желтоқсан, қаңтар, ақпан. - Желтоқсан айында қандай мейрамдар бар? - (1 - Желтоқсан - Президент күні, 16 - Желтоқсан - Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл.) - 16 – Желтоқсан қандай күн екен? - Балалар «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Оқушылар ойын тыңдау (еркіндік, бостандық, қуаныш, береке, бірлік, ынтымақтастық) - Дұрыс айтасыңдар балалар. II. Түсіну.(Оқушыларға 16 - желтоқсан туралы түсінік беру) Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. 5 жыл өтсе де, бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы. Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
  Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
- Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жас ұрпақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.
Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай. Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.
1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы, бақыттың басы еді. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз.
(1 минут желтоқсан құрбандарын еске аламыз) - Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
  Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
- Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарыңды, қуаныштарыңды бірге тыңдайық. Сабақты бастамас бұрын мен сендерді 2 – топқа бөліп алайын. I – топ – Тәуелсіздік II топ - Қазақстан III. Топпен жұмыс. I – топ – Тәуелсіздік сөзі қандай мағынаны білдіреді. (Оқушылар Тәуелсіздік» сөзіндегі әрбір әріптің мағынасына сөздер айтады) 
Тәуелсіздік
Тату лық тыӘділ дік тіУәде тұру дыЕрліктіЛауа зым дыСабырлық тыІзгі ліктіЗор бақыт тыДос тықтыІлти паттыКөмек тесуді 
II топ - Қазақстан, Отан, Тәуелсіздікке байланысты тақпақтар айту. Нұрай: Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ,
Ұл - қыздарым оны қолдан берген жоқ.
Отан үшін құрбан болған боздақтар,
Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ.
Нұршуақ: Әрқашанда тыныш болсын түніміз,
Шуақ шашсын ашық аспан күніміз.
Кеше ғана азаттықты аңсаған,
Бүгін міне, ірі елдердің біріміз.
Мұхаммеджан: Жалыным бар ешкім оны сөндірмес,
Бұл әлемде қазақ жерін кім білмес.
Қонақжайлы, азат елді, көп ұлтты,
Қазақстан еліне ешкім тең келмес!
Зауре: Халқым аман, тыныш өмір кешейік,
Елімізді қорғап мәңгі жүрейік.
Бар адамға бір ғана менің тілегім:
Бейбітшілік қасиетін білейік!
  IV. Хор: Олай болса балалардың «Көк тудың желбірегені» әндерін тыңдайық. V. «Менің Қазақстаным Менің Болашағым» - оқушылар хормен айтады. VI. «Флешмоб» оқушылар би билейді. VII.- Ал, құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назарымбетова Айгүл апайға, мектептің ата - аналар комитетінің торағасы Рыспанбетов Мұратбек ағайға береміз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама