Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ерлік мәңгі есте
Ерлік мәңгі есте
Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
2.Балалардың рөлде ойнау, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.
3.Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Отанын, туған жерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мәңгілік алаудың макеті, үнтаспа, шиырма, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.
Түрі: сыныптан тыс сабақ.
Типі: қорытындылау сабағы.

І.Ұйымдастыру.
Мұғалім: Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.
Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.
Отанды қорғау жолында құрбан болған ата-бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Ералы: Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды,
Жеңе алмайды жау бірақ.
Мейрамгүл:Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрады,
Жиырма сегіз шың болып.
Ақнұр: Танктер Москваға келді төніп,
Ағылды жау әскері желіктеніп.
Ұшқыштар біздің сонда түйілгенде,
Отына пулеметтің ерік беріп.
Үнтаспадан соғыс туралы фильмнен үзінді көрсету.

Көрініс «Соғыста»
Рөлдерде: Сатжан, Ерсұлтан, Рамиз.
Ислам: Оқ борады күн-түні,
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ Тоқтаров.
Ернұр: Туын жықпай қолдағы,
Өжет болды ел үшін.
Кеудесімен қорғады,
Ар-ысын елінің.
Аяулым: Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр елі үшін,
Әлия, Мәншүк, Төлеген
Жаулардың көзін жойды олар.
Рамиз: Қыр қызы орындады берген антты,
Халқына адал болу ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

Ерсұлтан: Даламыздың гүлі
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Диана: Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.

Ән: «Әлия» Қыздар тобы
Көрініс: «Жеңіс»
Ұлдана: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып,
Елдегі бар балаға.

Дильназ: Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән-көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тойып жейтін нан болып.
Мадина: Жеңіс деген жақсылықтың сығары,
Жігер мен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Сатжан: Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.

Баян: Арылтып жерден жауымды,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күні?
Хормен: Тоғызыншы май күні.

Алан: Кептерлер қалқып, көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып, көк бойлап.
Мәре-сәре мәз-мейрам,
Отанымыз той тойлап,
Десеңдер бұл қай күні?
Хормен: Тоғызыншы май күні.

Ән: «Ақ көгершін»Ұлдар тобы
Көрініс: «Тоғызыншы мамыр»

Жамила: Халық легі куәсындай ерліктің,
Көптен бері осы күнді сағынған.
Ардагерлер осында жүр ерліктің,
Медальдарын, ордендерін тағынған.
Ақниет: Жас ұрпақ, асыр сап,
Шырқайды ерлікті ән қылып.
Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.
Жантөре: Айқаста жаудың алқымын сыққан,
Ажалға қимай намысты елін.
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан,
Қазақстан Республикам менің!
Айша: Қақ жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен,
Жеңісіңді бар әлемге, Күнге айт сен.
Қаптап көкте абырой мен бақ құсын,
Самға, самғай бер менің Қазақстаным!
Ән «Әнұран» хормен

ІІІ. Қорытындылау.
Мұғалім:
Балалар, Отан, батырлық, ерлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Біздің бүгінгі сабағымыз кімдерге арналады?
Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
Қашан аяқталды?
Ұлы Отан соғысына қатысқан кімдерді білесіңдер? т.б.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Осымен ардагерлерімізге арналған сабағымызды аяқтаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама