Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Есектің ақыруы

Қожанасыр алтын ақшаны лақтырып ойнап отыр екен. Қожанасырдың жаңғалақ істері туралы естіп алған біреу келіп:

— Мына ақшаңды маған бер де, орнына мына бақыр тиынды ал, — дейді.

— Мен мұндай айырбасқа келісейін, — дейді Қожанасыр, егер сен үш рет қатарынан есекше ақырып берсең.

Анау бұған келісіп, үш рет есек болып қышқырып, ақырып береді.

— Ал есек, жақсы, — депті сонда Қожанасыр. — Сен, есек, алтын ақшаның бақыр тиыннан артық екенін түсінеді екенсің ғой, ә! Ал сонда қалай, мен соны есек құрлы білмейді деймісің?

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама