Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Ашық сабақ
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Мақсаты:
1) Оқушыларға есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға үйрету.
2) Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
3) Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс – тәсілдері: талдау, көрнекілік, сұрақ - жауап, ішінара - ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т. б.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, ат макеттары, тақта, эмблемма, ойындар, сөзжұмбақ

Барысы: І. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр, сол адамдарға ілтипатымызды білдіріп қояйық.

Шаттық шеңбер:
Сәлем бердік сіздерге,
Сәлем бердің біздерге,
Мен саған,
Сен маған,
Біз бақытты баламыз,
Бестік баға аламыз.

2 топқа бөлініп отырамыз. Жүйрік тобы, Алғыр тобы
Әр топ өз басшысын сайлайды.

Үйге берілген тапсырма: №6 есеп /151 - бет/
Өткен материалды пысықтауға байланысты мынадай есептерді ауызша шығарып көрейік.
* Тапсырма: Берілген сандардың орналасуы бойынша сөздерді оқы.
- Балалар бұл сөздер сендерге таныс па? – Сонда бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бүгін ат жарысы, «Бәйгеде» жарысқа түсеміз. Бұл қандай ойын? (Ұлттық)

- Міне аттармен жарысамыз. Шабатын жеріміз 8 километр. Әрине әр кл - де көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз, кім мәреге бұрын жетеді, сол жеңімпаз болады.
- І топ – Тор атпен шабасыңдар, ( қоңыр түсті ат)
- ІІ топ – Күрең қасқа атпен шабасыңдар, (қызыл, қызылғылт ат)
Жаңа сабақ:
Ертең балалар қандай мереке? 16 - желтоқсан - Тәуелсіздік күні./видео - слайд/
1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін, осы жастар, ата - бабамыз аңсаған азаттыққа, тәуелсіздікке қолымыз оңай жеткен жоқ. Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсан Республикалық жаңару күні деп жарияланды. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан - тәуелсіз ел болды. Тәуелсіздіктің арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды. Егемендік - деген осы. Яғни Қазақстан егемендік ел атанды.
Бәйгемізді бастайық!

Дәптермен жұмыс:
1 километр тапсырмасы: «Математикалық» сөзжұмбақ.
Тапсырма: берілген өрнектерді шешіп, жауабын сөзжұмбаққа сөзбен жазыңдар.
1) Тәуелсіздік үшін өз өмірін құрбан еткен жан?/Қайрат/
2) 80 - 75 - тің айырмасы нешеге тең? /бес/
3) Геометриялық фигура./дөңгелек/
4) 1 метрде 10 болатындай қандай өлшем бірлігі?/дециметр/
5) Масса өлшем бірлігі /центнер/
6) S=a*b ненің формуласы?/аудан/

Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы, Мектеп - лицей
Өткізген: Досымова Г. А.

Есепті теңдеу құру арқылы шығару. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама