- 05 нау. 2024 03:25
- 191
Суды жақсы көремін, таза болып жүремін
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Суды жақсы көремін, таза болып жүремін
Мақсаты: Сөздік қорларын дамыту, «с» дыбысын нақты созылыңқы айтуға үйрету. Дұрыс дыбыстауға тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеп, сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Қуыршақ, үлестірмелі суреттер, тазалық заттары.
Әдістері: Көрсету, үйрету.
Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі
Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, С. Қалиұлының «Үлгі» өлеңін оқып береді.
- Кім жек көрер пысықты,
«Ылғи бетін жуады»,
Деп, тәтеміз пысықты
Бізге үлгі қылады.
Үлгі сөзіне сөздік жұмыс жасайды:
С - у - у, қайталайды.
Балалар мысық ылғи бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?
Таңертең жуынасыңдар ма? Немен жуынасыңдар? Жуынып болған соң немен сүртінесіңдер? Тістеріңді тазалайсыңдар ма? Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма? Таза болғыларың келеді ме?
- Дұрыс таза болуымыз керек, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз. Балаларға үлестірмелі суреттер таратып береді. Балалар сендер мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерге өлең жұмбақтар оқимын, қолдарыңдағы суреттер неге ұқсаса сол суретті көтересіңдер және сол затты бәріміз бірге қайталаймыз.
Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір - ласың,
Тап - таза боласың.(Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалап алады,
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. Бұл не? (Сүлгі).
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ,
Бірақ та тісі бар,
Шашыңмен ісі бар. Ол не? (Тарақ).
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне.
Бұл не?(Айна).
Су бетіңді жу. Бұл не? (Су).
Сергіту сәті:
Таңертең тұрамын,
Бетімді жуамын,
Тісімді тазалап,
Шашымды тараймын,
Тап - таза боламын.
Қимылды ойын: «Ақ қоян»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Қарашоқат бекеті, «Бәйшешек» балабақшасы
Айгөлек аралас тобының тәрбиешісі
Ниязова Гүлнара Маратқызы
Суды жақсы көремін, таза болып жүремін. жүктеу