2026 Todayinfo.kz — Барлық құқықтар сақталған
- 21 мам. 2026 00:00
- 33
«Ешкімге керексізбін»: Емші Бағдагүл Баян мен Динараның қысымына шыдамай, көпшіліктен көмек сұрады
Белгілі емші Бағдагүл Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанның қысымына шыдай алмай, әлеуметтік желіде жылап, көмекке шақырды. Ол өзін ешкімге керексіз сезінетінін айтып, адамдардың қатыгездігіне қынжылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Адамдар неге сонша қатыгез? Ұят емес пе, ешқандай дәлелі жоқ нәрселерді айтып жатыр. Құдай мені кешірсін, мен мұндай өмір сүремін деп ойламадым. Қайда барам, достар, көмектесіңдерші. Расымен де ешкімге керексіз екенмін. Олар қазақтың өміріне балта шабатын адамдар. Ұят емес пе?» — деп еңіреді емші.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бағдагүл емші Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанды балағаттап, тіл тигізген болатын. Осы жағдайға байланысты екі продюсер емшіні сотқа беріп, оған қатысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеген еді.