- 02 қар. 2021 00:00
- 206
Есірткісіз өмір ғажайып
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Адамға берілген құндылық – өмір болса, байлық-денсаулық. Өмір жан біткенге бір-ақ рет берілетіні хақ. Бірақ , қоғамда осы аз ғана өмірін өлім етіп, денсаулығын қор етіп жүрген қаншама адам бар?! Олардың бірізді, жартысы- есірткіге тәуелді, нашақор адамдар. Есірткі – адамды жадынан, есінен айыратын зат. Бағзы заманнан бергі қазіргі заманның індетіне айналған бұл зат көкнәр өсімдігінен жасалады. Көкнәр - қазірде түрлі дәрі-дәрмек жасайтын зат болғанымен, заман қасіретін тудырушы. Қоғамда есірткі қолданатын адамдардың дені көбі- орта буын өкілдері, жасөспірімдер. Жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі білместіктен басталады.Медицина саласында көбіне көкнәрді қолданғандықтан, жасөспірімнің құрамында есірткі бар дәрі-дәрмекті қолдануы нашақорлық белгісіне айналады. Ал орта буын өкілдері және жасөспірімдер жаман ортаға түсіп немесе психологиялық жағдайының нәтижесінде есірткі қабылдауына мәжбүр болады деп ойлаймын.
Жақсы, мәнді өміріңді қор қылып не керек? Есірткіні бір сәттік қызық үшін пайдаланып, кейіннен оған әуес болу өміріңді қызықты қылмайды, керісінше, өмірің қор болады. Есірткі қолданғанда бірінші, денсаулығың нашарлайды, екінші, өмірің қысқарады. Есірткі тұтынудың алғашқы белгілері байқалғанымен, бірден, медицина және полицей өкілдерімен кеңесуге кеңес беремін. Білуімше, есірткіні тұтынғаннан кейін, уақыт өте келе адам ол есірткінің тағы артық мөлшерін іздей бастайды. Ал ол мөлшерді таба алмаса, адам өте қатты ауыр азап шегеді екен. Бұл ретте, оның есірткінің артық мөлшерін іздеудегі барған амалдарымен ,оның басқа адамдарға зиянын айтсақ, зардабы көп мәселе. Сонымен қатар, өз елімізде есірткі қолдану мен есірткі саудасына қатаң тыйым салынған. Қолданған жағдайда және есірткі саудасын жүргізген жағдайда ҚР Қылмыстық іс-жүргізу Кодексіне орай, аса ірі есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру, т.б. осындай жағдайларда арнайы шаралар қолданылады екен. Міне, есірткі тұтынудың өзіңе де, өміріңе де осындай зардабы бар.
Жаһандық кеңістікте , қоғам жадында азулы аждаһадай белең алып тұрған, ұрпақ алдындағы маңызды мәселе- нашақорлық, есірткілік. Осы мәселеде қазіргі қоғам жағдайына қарасақ, ХХ ғасырдан бері Азия даласында есірткі тұтынушы, тасымалдаушы адамдардың саны артқан. Яғни, бұл -дүниежүзілік кеңістігімізде қасіретіміз арту үстінде деген сөз . Бұл орайда , «Есірткіге жол жоқ!» деп ұрандатқандай, есірткіге қарсы күресуге шақырамын! Америкалық жазушы Джек Лондон «Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан неге оны пайдалы қылып өткізбеске?» деп айтқандай, есірткімен өміріңді қорлағанша, есірткісіз өміріңді пайдалы іске жұмса!
Есірткі-індет, қоғам мәселесін
Ұмытпа, ол-қасірет екендігін.
Болсын - денің сау, күнің мәнді
Ғажайып есірткісіз өмірің.
Амангельдиева Аяжан
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы