- 07 нау. 2020 00:00
- 182
Есмағамбет пен Борначев
Орскіде (Жаманқала) тұратын татар байы Борначев Троицкіде тұратын башқұрт Зейнулла қазіретті қонаққа шақырып, бірнеше күн сыйлайды. Ишан отырған үйге кісі кіргізбейді, келген кісілерді басқа үйге кіргізіп, сол жақтан жөнелтеді. Мұнысына қазақтар наразы болыңқырайды.
Ишанға сәлем беруге бір күні Есмағамбет келсе, Борначевтің малайлары ишан отырған үйге жібермейді. Есмағамбет омыраулатып кірмек болады. Байдың малайлары Есмағамбетті шығаруға айналады. Сол кезде Есмағамбет:
— Ойбай, ойбай! Мен не жаздым, Құдай! Башқұртымды бермейді, Қазаннан келген ноғай... — деп айқайлапты. (Башқұртымды бермейді деп жүргені — Зейнулла жас кезінде кедей, ешкімге қадірі жоқ кезінде жаппас Жарасбай баймен бірге қажыға барып, сонан қазірет атанады).
Дауысты үйде отырған Зейнулла танып, үйге шақыртады. Борначевтар ұялып қалады.