Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, жұппен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту, компьютермен сауатты жұмыс жасауын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (тірек - сызбалар, «Шыңға шығу» ойыны, практикалық тапсырмалар, «Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, «Ой толғаныс»)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек - сызбалар көмегімен түсіндіру, практикум элементтері бар көрсете баяндау, жұптық және жеке жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, бағалау қағаздары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. «Ей, болашақ ұланым!
Болашағы қазағымның,
Сендерсің деп білемін
Балғынды жас болашақ
Мен сендерге сенемін!» өлеңін оқи отырып, оқушылардың
рухын көтеру, сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Шыңға шығу» ойыны көмегімен үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып, тау шыңына көтерілу. Ойынның сұрақтары:
1. Терезе деген не?
2. Терезелердің түрлерін атаңдар.
3. Пернетақтаның көмегімен терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
4. Айналдыру жолақтары не үшін керек?
5. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?
6. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
7. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
8. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
9. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
10. Терезе неше бөліктен тұрады?
2. «Миға шабуыл» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Файлдық жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файлдар
Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.
Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.
Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ /: * > <>
Бумалар
Бума – объектілер қоймасы.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows - де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар арнайы белгімен жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.
Жарлықтар
Жарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.
Жарлықты басқа файлдардан немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.
Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ.
Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.
Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін құруға болады.
ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер ақпарат тасығыш құралға, мысалы, флешкаға жарлық көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.
Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)
Терезенің сол жақ бөлігінде көргендеріңдей, бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.
Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы файлға дейінгі жолды көрсету керек.
Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Жұптық жұмыс. Практикалық тапсырма.
1. Практикалық тапсырманы компьютерде орындаңдар.
1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар (Документы) бумасын ашыңдар.
2. Ашылған бумада Жаңа бума (Новая папка) бұйрығын таңдау арқылы жаңа бума құрып, оған ат беріңдер.
3. Құжаттар (Документы) бумасындағы бірнеше файлдарды көшіріп алып, өздерің құрған бума ішіне орналастырыңдар.
4. Олардың бір - екеуінің атын өзгертіңдер.
5. Бумадан кері шығып, өздерің құрған бумаға жұмыс үстеліне жарлық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі Windows нысандарын аттарымен файлдарды, бімаларды және жарлықтарды жеке - жеке кесте бағанына теріп жазыңдар.
V. Жаңа тақырыпты бекіту: Жеке жұмыс. «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы.
1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) Файл
В) Бума
С) Программа
D) Құжат
2. Жарлық – ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума
С) Арнайы түрде құрылған
D) Мәтіні бар файл
3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100
В) 200
С) 50
D) 255
4. Буманы ашу үшін не істеу керек?
А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту
В) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту
С) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту
D) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту
5. Белгіше - ол:
А) Жүйелік бума
В) Жұмысшы бума
С) Жарлық
D) Файл
6. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
D) Компьютер
7. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
D) Компьютер
8. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
D) Компьютер
Тестті бағалау шкаласы:
8 ұпай – 5;
6 - 7 ұпай – 4;
4 - 5 ұпай – 3;
4 төмен ұпай – 2.
VІ. Қорытындылау: Блум гүлі. Оқушыларға гүл күлтешелері таратылады. Оқушылар күлтешелерге өздерінің бүгінгі жаңа сабақтан не үйренгендерін, білгендерін қорытындылап жазып, тақтаға іледі.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және жарлықтар
VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама