Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Flydubai әуе компаниясы БАӘ-ден Қазақстанға эвакуациялық рейстерді бастайды

БАӘ-дегі жағдайға байланысты Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға эвакуациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 3 наурызға қараған түнде Дубайдан Астанаға (170 орын) және Алматыға (170 орын) екі арнайы рейс ұшады. Бұл рейстерді орындауға Дубай әуежайларының жұмысы ішінара жандандырылғаннан кейін рұқсат берілді.

Авиакомпания жолаушыларды өздерінің әуе компанияларынан ұшу уақытын растайтын хабарлама алмайынша, әуежайға бармауға шақырды. Бұған дейін Emirates және Flydubai әуе компаниялары 2 наурыздың кешінен бастап шектеулі сандағы рейстерді орындайтыны хабарланған болатын. Рейстерде бұрын бронь жасаған жолаушыларға басымдық беріледі.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама