Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Футбол ойынның ережесі
Футбол ойынның негізгі ережесі әдіс - тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Футбол ойынындағы ең негізгі ережелерді үйрену.
Білімділік:. Біліктілік қасиеттерін дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың күшін және икемділік, ептілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындауға дағдыландыру және тәрбиелеу.
Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Доп торсықтар, ысқырық, уақыт өлшегіш құрылғы.
Өтілетін орны: Мектеп спорт залы, Спорт алаңы
Түрі: Жаңа сабақ

І. Ұйымдастыру бөлімі: 2минут
1. Сапқа тұру 1мин
2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу - 1мин (кезекші оқушы)
Даярлық бөлімі: 13минут
1. Саптық жаттығулар орындау( Оң ж/е солға бұрлу, кері бұрлу)— 1 мин
2. Алаңда жәй жүру ж/е жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау - 5 мин
3. Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5 мин
4. Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен қабылдау жаттығуларын жасау – 3 мин

Негізгі бөлімі: 20 - 25 минут
1. Сапқа тұру
2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырып пен мақсатымен таныстырып өту.
3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету.
4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.
5. Футбол ойнау ережесін үйрету.
Футбол ойынның тарихы:
Футбол ойынның негізгі ережесі:
1 - жаттығу. 2 - жаттығу. 3 - жаттығу
Допты алып жүру1.Теориялық түсіндіру. Футбол ережесін үйрету.
Футбол ойыны допты жүргізу тоқтату,айла тәсіл жасаудан, аяқ ұшымен жүргізу, тебуден тездікте ойнаудан тұрады. Футболшылар алға қарап тездікпен жүгіріп кенеттен тоқтап бұрылып білу керек. 2.Оқушыларды сапқа тұрғызып екі сапқа бөлу. Бірінші тобын,оң қапталға екінші тобын сол қапталға тұрғызамыз. Жаттығу барысында оқушылар белгіленген жаттығуды толық орындау керек.
Допты тебу.
Допты тебу футболшылар негізгі ойын тәсілі. Допты қозғалыста алып жүру, допты аяқтың ұшымен тебу жанмен, қапталмен, ұшымен, санмен тебіп жүргізе білу. (Оқушылар кезекпен қайталау)
Допты тоқтату.
Допты жеке өзі алып жүріп тоқтата білу керек. Аяқ ұшымен, жанмен, кеудемен тоқтату. Допты қақпаға соға білу тәсілдерін жетілдіру. (Оқушылар кезекпен қайталау)
Допты алып жүру.
Допты тіке алып жүргенде табанның ішкі жағымен алып жүрген тиімді, қысқа бағытқа алып жүргенде алақан ішкі жағымен алып жүру тиімді. (Оқушылар кезектесіп қайталау)
Допты торсықтар арқылы жүргізу.
Допты белгілеген жерден торсықтардан айналып жүргізу алақан ішкі жағымен жүргізу. (Оқушылар кезектікпен қайталау)
Қақпашының ойыны.
Қақпашының ойыны футболшыларға өте қажет. Ойында шапшаң қозғалу, ойын тәсілін білу керек. Допты қағып жіберу, ұстап алу, қысқартылған ережемен ойнау. Допты алма - кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табынның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді.
4 - жаттығу
Допты тартып алу.
Допты тартып алу - өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді басқа да тәсілдерді қолдануға болады.
5 - жаттығу
Қақпашының ойны
6 - жаттығу
Допты ойынға қосу
Игерген әдіспен екі жақты ойын: Футбол ойнау

Қорытынды бөлім 5минут
1. Оқушыларды бір сызық бойымен сапқа тұру
2. Бағалау
3. Үйге тапсырма:доппен жаттығу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама